HP Color LaserJet Enterprise M855 - Warranty and Legal Issues Guide

HP LaserJet принтерінің жабдықтары
HP LaserJet тонер картридждерін пайдаланудан кейін тегін HP ғаламдық серіктестері арқылы
қайтарып, қайта пайдалану оңай. Әрбір жаңа HP LaserJet тонер картриджі мен жабдықтар орамасында
бірнеше тілдегі бағдарлама ақпараты мен нұсқаулар болады. Бөлек қайтарғаннан гөрі бірнеше
картриджді бірден қайтарсаңыз, қоршаған ортаны қорғауға үлесіңіз көбірек болады.
HP компаниясы экология тұрғысынан қолайлы, өнертабысты және жоғары сапалы өнімдер мен
қызметтерін ұсынуды, жобалау мен жасап шығаруды, таратуды, пайдаланушыға беруді және қайта
жаратуды міндетіне алып отыр. HP ғаламдық серіктестері бағдарламасына қатыссаңыз, сіздің HP
LaserJet
тонер картридждеріңізді өңдеу арқылы жаңа өнім шығаруға қажетті пластик пен металдарын
алып, жөнді қайта жаратуды қамтамасыз етеміз. Сөйтіп, қоқыс төгетін жерлерді миллиондаған тонна
қоқыстардан сақтап қаламыз. Бұл картридж қайта өңделіп, жаңа материалдарда
пайдаланылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілік
көрсеткеніңізге рахмет!
тек шынайы HP LaserJet тонер картридждерін қайтару үшін қайтару белгісін пайдаланыңыз. Бұл
белгіні HP сиялы картридждерге, HP шығармаған картридждерге, қайта толтырылған, қайта жасап
шығарылған немесе кепілдік мерзімі кезінде қайтарылған картридждерге пайдаланбаңыз. HP сиялы
картридждеріңізді қайта өңдеу туралы ақпарат алғыңыз келсе, http://www.hp.com/recycle торабына
өтіңіз.
1
Program availability varies. For more information, visit www.hp.com/recycle.
30 2-тарау Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы KKWW