HP LaserJet Enterprise M806, HP LaserJet Enterprise flow MFP M830, HP Color LaserJet Enterprise M855, and HP Color LaserJet Enterprise flow MFP M880 finishing accessories and paper handling - Пайдаланушы нұсқаулығы

Кітапша басып шығару төте жолын жасау және пайдалану
HP UPD принтер драйвері немесе арнайы басып шығару драйверіне арналған HP PCL 6 өнімі
арқылы Windows® бағдарламасында кітапша басып шығару төте жолын жасау
HP басып шығару драйвері арқылы OS X бағдарламасында кітапша басып шығарудың алдын ала
төте жолын жасау
HP енгізілген веб-серверінен (ЕВС) Жылдам жиындар төте жолын жасау
HP UPD принтер драйвері немесе арнайы басып шығару драйверіне арналған
HP PCL 6 өнімі арқылы Windowбағдарламасында кітапша басып шығару
төте жолын жасау
1. Бағдарламада Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Printing Shortcuts (Басып шығару төте жолдары) жиекбелгісін басыңыз.
4. Басып шығару төте жолын таңдаңыз.
а. Бұрыннан бар төте жолды пайдалану үшін экранның сол жағындағы тізімнен төте жолды
таңдаңыз.
ә. Жаңа төте жолды жасау үшін осы қадамдарды
орындаңыз:
i. Экранның сол жағында негіз ретінде бұрыннан бар төте жолды таңдаңыз.
ii. Экранның оң жағында жаңа төте жолға арналған басып шығару параметрлерін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экранның оң жағындағы параметрлердің кез келгенін реттеудің алдында
әрдайым бір сілтемені таңдаңыз. Егер параметрлерді реттеп, бір сілтемені таңдасаңыз,
барлық реттеулер жоғалып кетеді.
iii. Save As (Басқаша сақтау) түймесін басыңыз.
iv. Төте жолдың атауын енгізіп, OK түймесін басыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) диалогтық терезесіндегі OK түймесін
басыңыз.
HP басып шығару драйвері арқылы OS X бағдарламасында кітапша басып
шығарудың алдын ала төте жолын жасау
1. Бағдарламада File (Файл) тармағын таңдаңыз.
2. Print (Басып шығару) тармағын таңдап, Printer (Принтер) бөлімінің астында тиісті өнімді
таңдаңыз.
3. Драйвердің алдын ала орнатуларына арналған тиісті таңдауларды жасаңыз:
KKWW Кітапша басып шығару төте жолын жасау және пайдалану 149