HP LaserJet Enterprise M806, HP LaserJet Enterprise flow MFP M830, HP Color LaserJet Enterprise M855, and HP Color LaserJet Enterprise flow MFP M880 finishing accessories and paper handling - Пайдаланушы нұсқаулығы

Құжатты автоматты түрде беру (ҚАБ) қосымша қосалқы
құралынан көшірген кезде кітапша жасау
Кітапша шығысына көшіріп, кітапшаны Құжатты автоматты түрде беру (ҚАБ) құралынан басып
шығару үшін кітапша пішімінің параметрлерін конфигурациялау қажет болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
2. Copy (Көшіру) мәзірінде айналдырып, Booklet (Кітапша) түймесін түртіңіз, содан соң Booklet
Format (Кітапша пішімі) ұяшығына белгі қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кітапшаны бүгіп, тігу (степлермен бекіту
) үшін осы функцияны қосу мақсатында
Folded and Stitched (Бүгілген және тігілген) ұяшығын таңдаңыз.
3. Қағаз түрін орнату үшін Original Size (Әдепкі өлшем) түймесін түртіп, келесі параметрлерді
орнатыңыз:
а. Кітапшаға арналған қағаз түрін таңдаңыз. Келесі опцияларды таңдауыңызға болады:
1 жақты бастапқы құжат, 1 жақты шығыс
2 жақты бастапқы құжат, 2 жақты шығыс
1 жақты бастапқы құжат, 2 жақты шығыс
2 жақты бастапқы құжат, 1 жақты шығыс
ЕСКЕРТПЕ: Аралас өлшемдердің құжатты беру құралына жүктегенде
барлық бетті
құжатты беру құралындағы артқы бағыттауышпен міндетті түрде туралаңыз.
ә. Егер 2 жақты шығыс таңдалса, Orientation (Бағдар) түймесін түртіп, 2 жақты шығыс күйін
таңдаңыз:
Book-style (Кітап мәнері): Бастапқы құжаттың артқы беті оң жаққа жоғары қарап басып
шығарылады және көшірменің артқы беті де солай басып шығарылады. Сол жақ жиегі
бойымен байланған бастапқы құжаттар мен көшірмелердің осы параметрін
пайдаланыңыз.
Flip-style (Аударылған мәнері): Бастапқы құжаттың артқы
беті жоғарғы беті төмен
қарап басып шығарылады және көшірменің артқы беті де солай басып шығарылады.
Жоғарғы жиегі бойымен байланатын бастапқы құжаттар мен көшірмелердің осы
параметрін пайдаланыңыз.
Book-style original, Flip-style copy (Бастапқы құжаттың кітап мәнері, Көшірменің
аударылған мәнері): Бастапқы құжаттың артқы беті оң жаққа жоғары қарап басып
шығарылады, бірақ көшірменің артқы беті төмен қарап шығарылады. Бастапқы
құжат
сол жақ жиегі бойымен байланғанда, бірақ көшірмелерді жоғарғы жиегі бойымен
байлау қажет болса, осы параметрді пайдаланыңыз.
Flip-style original, Book-style copy (Бастапқы құжаттың аударылған мәнері, Көшірменің
кітап мәнері): Бастапқы құжаттың артқы беті жоғары қарап басып шығарылады, бірақ
көшірменің артқы беті оң жаққа жоғары қарап басып шығарылады. Бастапқы құжат
жоғарғы жиегі бойымен байланғанда, бірақ көшірмелерді сол
жақ жиегі бойымен
байлау қажет болса, осы параметрді пайдаланыңыз.
158 6-тарау Кітапшаларды басып шығару әдісі (қосымша аяқтау қосалқы құралы) KKWW