HP LaserJet Enterprise M806, HP LaserJet Enterprise flow MFP M830, HP Color LaserJet Enterprise M855, and HP Color LaserJet Enterprise flow MFP M880 finishing accessories and paper handling - Пайдаланушы нұсқаулығы

Бесінші қадам: кітапша жасау құралын ендірілген веб-серверде (EWS)
конфигурациялау
1: EWS серверіне қосу
2: Қағазды таңдау мүмкіндігін конфигурациялау
3: Бір немесе екі жағына басып шығару үшін Sides (Жақтар) мүмкіндігін конфигурациялау
4: Кітапша мүмкіндігін конфигурациялау
1: EWS серверіне қосу
1. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
желі
түймесін түртіңіз.
2. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл өнімнің
басқару тақтасында көрсетілгендей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s
security certificate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар)
хабарламасын көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Осы веб-сайтқа өту
(ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
HP құрылғысына арналған EWS серверінің ішінде жылжу кезінде Continue to this website (not
recommended) (Осы веб-сайтқа өту (ұсынылмайды)) опциясын таңдасаңыз, ол компьютерді
зақымдамайды. Бұл қате HP өнімінің EWS серверінен тыс орын
алатын болса, компьютерге қауіп
төнуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Рұқсатсыз өнім параметрін өзгертулердің алдын алу үшін, әкімшілер EWS серверіне
қол жеткізуді шектеу үшін құпия сөзді қоса алады. Қосымша мәліметтер алу үшін
осы жерді
басыңыз.
KKWW HP Color LaserJet Enterprise M855 және HP Color LaserJet Enterprise flow MFP M880 үлгілеріне
арналған кітапша жасау құралын немесе кітапша жасау құралының тескіш жабдығын орнату
немесе ауыстыру
73