HP LaserJet Enterprise M806, HP LaserJet Enterprise flow MFP M830, HP Color LaserJet Enterprise M855, and HP Color LaserJet Enterprise flow MFP M880 finishing accessories and paper handling - Пайдаланушы нұсқаулығы

Windows® 7, 8, 8.1 әне OS X for пошта режимі немесе
жинақтағыш режимі үшін НР принтер драйверін
конфигурациялау
Windows® 7
Windows® 8.0 және 8.1
OS X
Windows® 7
Өнімнің бағдарламалық құралын орнатпас бұрын жабдық тіркелген болса, бұл процедура қажет
болмайды. Жабдық өнімнің бағдарламалық құралы орнатылған соң тіркелген болса, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Өнімнің қосылғанын және компьютерге немесе желіге жалғанғанын тексеріңіз.
2. Windows® Start (Бастау) мәзірін ашыңыз да, Devices and Printers (Құрылғылар және принтерлер)
(немесе XP жүйесіндегі Printers and Faxes (Принтерлер және факстер)) тармағын басыңыз.
3. Осы өнім
атауын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып Printer Properties (Принтер сипаттары)
(немесе ХР жүйесіндегі Properties (Сипаттар)) тармағын таңдаңыз.
4. Device Settings (Құрылғы параметрлері) жиекбелгісін ашыңыз.
5. Installable Options (Орнатылатын опциялар) бөлімін басыңыз.
6. Automatic Configuration (Автоматты конфигурациялау) жанындағы ашылмалы мәзірден Update
Now (Қазір жаңарту) опциясын таңдаңыз.
Windows® 8.0 және 8.1
ЕСКЕРТПЕ: Өнімнің бағдарламалық құралын орнатпас бұрын жабдық тіркелген болса, бұл
процедура қажет болмайды.
Жабдық өнімнің бағдарламалық құралы орнатылған соң тіркелген болса, әдепкі драйвер
параметрлері қолданылмайтын болса немесе басқа драйвер қолданылатын болса, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Экранның төменгі сол жақ бұрышына жылжып барыңыз да, көрсетілген терезені тінтуірдің оң
жақ түймешігімен басыңыз.
2. Control Panel (Басқару тақтасы) параметрін таңдап, Hardware and Sound (Аппараттық құрал және
Дыбыс) тармағының астында View devices and printers (Құрылғыларды және принтерлерді
қарау) параметрін таңдаңыз.
3. Өнімнің атауын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Printer Properties (Принтер сипаттары)
тармағын таңдаңыз.
4. Device Settings (Құрылғы параметрлері) жиекбелгісін ашыңыз.
5. Installable Options (Орнатылатын опциялар) бөлімінде Automatic Configuration (Автоматты
конфигурация) бар болса, Update Now (Қазір жаңарту) пәрменін таңдаңыз.
KKWW Windows® 7, 8, 8.1 әне OS X for пошта режимі немесе жинақтағыш режимі үшін НР принтер
драйверін конфигурациялау
85