The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f3 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйеге сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктері
сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, ұйқы күйін қоспас бұрын
жұмысыңызды сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту күйіне
қосылады жəне жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f3 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f3 жылдам пернесі ұйқы
күйінің орнына күту күйін қосуға орнатылуы мүмкін. Windows амалдық жүйелерінің барлық
терезелерінде fn+f3 жылдам пернесі ұйқы режимі түймешігі болып саналады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де
ауыстыруы мүмкін.
fn+f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Орнатылған барлық батареялардың заряд ақпаратын көрсетеді. Батареялардың зарядталып
тұруы көрсетіледі жəне əр батареяда қалған заряд мөлшері туралы есеп беріледі.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f11 Сыртқы жарық сенсорын қосады жəне өшіреді (тек таңдаулы үлгілерде). Іске қосылған кезде,
сыртқы жарық сенсоры жұмыс ортасындағы жарықтандыру жағдайларына байланысты
дисплей жарықтығын автоматты түрде реттейді.
Пернетақталарды пайдалану
Бұл компьютерде енгізілген сандық пернетақта бар. Компьютерде қосымша сыртқы сандық
пернетақта немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақта да жұмыс істейді.
32 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар