The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Сыртқы сандық пернетақталардың басым бөлігінің пернелері num lock қосулы немесе өшірулі
жағдайға байланысты өзгеше əрекет етеді. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы,
●
num lock пернесі қосулы кезде, пернетақта пернелерінің басым бөлігі сандарды тереді.
●
num lock пернесі өшірулі кезде, пернетақта пернелерінің басым бөлігі көрсеткі, page up
немесе page down пернелері сияқты əрекет етеді.
Сыртқы пернетақтаның num lock пернесі қосулы кезде, компьютердегі num lock шамы жанады.
Сыртқы пернетақтаның num lock
пернесі өшірулі кезде, компьютердегі num lock шамы өшеді.
Жұмыс барысында сыртқы пернетақтаның num lock пернесін қосу немесе сөндіру үшін
▲
Компьютерде емес сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір параметрлерін қолдану үшін
Windows 7 жүйесінде Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер)
тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны тінтуірдің оң
жақ түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Windows Vista
жүйесінде Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Мышь (Тінтуір) пəрменін таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары
жəне төмен жылжу үшін, саусағыңызды сызық үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сенсорлы тақтаны меңзерді басқа жерге жылжыту үшін пайдаланатын
болсаңыз, жылжу аймағына орналастырмастан бұрын, саусағыңызды сенсорлы тақтадан
көтеруіңіз керек. Саусақты сенсорлы тақтадан айналдыру аймағына жайлап сырғыту
айналдыру функциясын белсендірмейді.
34 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар