The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Астыңғы қақпақты алу немесе ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас
бұрын компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Астыңғы қақпақты алу
Жад модулі, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіру үшін,
астыңғы қақпақты алыңыз.
Астыңғы қақпақты алу үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін
қараңыз).
2. Батарея ұясын сізге қаратып, астыңғы қақпақты босату ысырмасын (1) сол жаққа
сырғытып, (егер қосымша бұранда пайдаланылмай тұрса) бұранданы (2) алыңыз, одан
кейін астыңғы қақпақты алу үшін, босату ысырмасын (3) қайта сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол астыңғы қақпақтың
астында сақталады.
3. Астыңғы қақпақты компьютердің (4) алдына қарай сырғытып, оны (5) алып тастаңыз.
Астыңғы қақпақты алу немесе ауыстыру 41