The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
8. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
ProBook ноутбугінің қатты дискісін орнату үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Қатты дискіні бұрышта (1) оның ұясына салып, одан кейін қатты дискіні оның ұясында (2)
тегіс орналастырыңыз.
2. Қатты дискіні қосқышқа жалғау үшін, пластмасса кесіндісін (3) компьютердің ортасына
қарай тартыңыз.
3. Қатты диск бұрандаларын
(4) бұрап қатайтыңыз.
4. Астыңғы қақпақты орнына орналастырыңыз (Астыңғы қақпақты орнына салу 42-бетте
бөлімін қараңыз).
5. Батареяны салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін қараңыз).
6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде бір жад модулі бөлігі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
46 Бап 6 Күтім