The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Бастапқы жад модулі астыңғы жад ұясында, бос болған жад модулі үстіңгі жад
ұясында орналасады.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін
қараңыз).
4. Астыңғы қақпақты алыңыз (
Астыңғы қақпақты алу 41-бетте бөлімін қараңыз).
5. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды (1) тартып шешіңіз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), оны ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін
контейнерге салыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру 47