The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
6. Жаңа жад модулін енгізу үшін
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.
Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
а. Жад модулінің ойықтары бар шетін (1) жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз.
ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрышта тұрғанда, модульді (2) басып жад
модулінің ұясына түсіріңіз.
б. Ұстап тұратын қысқыштар бекітілгенше, жад модулінің сол жəне оң жақ шеттерін
қысып, жад модулін (3) басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз.
7. Астыңғы қақпақты орнына орналастырыңыз (Астыңғы қақпақты орнына салу 42-бетте
бөлімін қараңыз).
8. Батареяны салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін қараңыз).
9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
10. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
48 Бап 6 Күтім