Алғашқы жұмыс HP ноутбугі
©Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard Company компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD логотипі — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Үстіңгі жағы .......................
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану ...................................................... 25 Жылжу ............................................................................................. 26 Қысу/Ұлғайту .................................................................................... 26 Бұру .................................................................................................. 26 Сызу .................................................................................................
Жапсырмалар ................................................................................................................................... 54 8 Техникалық сипаттамасы .......................................................................................................................... 55 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................ 55 Жұмыс істеу ортасы ..................................................
viii
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнату жəне тіркеуден кейін келесі қадамдарды міндетті түрде орындау керек: ● Интернетке қосылу—Интернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Желіге қосылу 17-бетте бөлімін қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту—Компьютерді вирустардан болатын зақымнан қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерге алдын ала орнатылады жəне онда тегін жаңартулар үшін шектеулі жазылым болады.
Ақпаратты табу Компьютерде түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше ресурс орнатылып келеді.
Ресурс Берілетін ақпарат HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http:// www.hp.com/go/contactHP Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/ us/en/wwcontact_us.
2 Компьютермен танысу Үстіңгі жағы сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Меңзердің сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдегі сол жақ түймешік қызметін атқарады. (2) Меңзердің ортаңғы түймешігі Сыртқы тінтуірдегі ортаңғы түймешік қызметін атқарады. (3) Меңзер Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Меңзердің оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдегі оң жақ түймешік қызметін атқарады.
Бөлік (1) Сипаттама TouchPad шамы ● Сары: Сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Қуат түймешігі ● Қосулы: Компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер күту режимінде. (4) Num lk шамы Қосулы: Num lk пернесі қосулы. (5) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth®құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: сымсыз құрылғылар өшірулі.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін, түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Веб-шолғыш түймешігі Windows жүйесі іске қосылып тұрғанда, əдепкі вебшолғышты ашу үшін түймешікті басыңыз. (5) Калькулятор түймешігі Калькулятор функциясын қосады. (6) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. (7) TouchPad қосу/өшіру түймешігі Екі рет түртілгенде сенсорлы тақтаны қосады жəне өшіреді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Функция пернелері fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі жасалатын жүйе функцияларын орындайды. Қосымша ақпарат алу үшін Пернетақта жəне меңзегіш құрылғылары 20-бетте бөлімін қараңыз. ЕСКЕРІМ: fn12 артқы жарықты пернетақталары бар үлгілерге арналған.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Сымсыз байланыс шамы Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (2) Қуат түймешігі ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер күту режимінде. ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған. ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған.
Бөлік (6) (7) Сипаттама Медиа картаны оқу құрылғысы Үндеткіштер (2) Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: ● MultiMediaCard ● MultiMediaCardplus (MMC+) ● Secure Digital (SD) картасы ● Secure Digital HC (SDHC) картасы ● Secure Digital XC (SDXC) картасы SRS Premium дыбысын шығару (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: SRS Premium Sound бағдарламалық құралын пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > SRS Premium Sound тармағын таңдаңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлаққаптарға, гарнитураға не теледидардың дыбыс ұясына қосылған кезде, дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алу қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитураны кимес бұрын дыбысты реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерін қараңыз.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, алайда компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. (2) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабельді қосады. (3) Желдеткіштер (2) Ауа ағыны арқылы ішкі бөліктерді суытуға мүмкіндік береді. ЕСКЕРІМ: компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Артқы көрінісі Бөліктері Сипаттама (1) RJ-11 (модем) ұясы Модемнің кабелін қосады. (2) Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптерін қосады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді, ал дисплей қуат қосылып тұрғанда жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (3)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (3) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (4) Ішкі микрофондар (2) Дыбысты жазады.
Түбіндегі Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (2) SIM картасының ұясы Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. SIM ұясы батарея ұясының ішінде орналасқан. (3) Батареяны босату ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (4) Қосымша батарея қосқышы Қосымша батареяны жалғайды. (5) Жалғау ұясы Қосымша жалғау ұясын жалғайды. (6) қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасы Компьютерден қызмет көрсетуге арналған есікті босатады.
Бөлік Сипаттама (8) Bluetooth бөлімі Ішінде Bluetooth құрылғысы бар (тек таңдаулы үлгілерде) (9) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты дискіге, сымсыз жергілікті желі LAN (WLAN) модулінің ұясына, WWAN модулінің ұясына жəне жад модулінің ұяларына қатынасты қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
3 Желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютерде келесі Интернетке қосылу түрлерінің біреуі не екеуі де болуы мүмкін: ● Сымсыз байланыс—Интернетке ұшқыр түрде қатынау үшін, сымсыз байланысты пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Бар WLAN желісіне қосылу 18-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 18-бетте бөлімін қараңыз.
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығы) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанының қосылуын немесе ажыратылуын таңдауды сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің кірістірілген сымсыз маршрутизаторлары бар. Модем түрін анықтау үшін, Интернет провайдеріне хабарласыңыз. Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнату үлгісі көрсетілген. Желі ұлғая түскенде, Интернетке кіру мақсатында қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді желіге жалғауға болады. Сымсыз жол жоспарлағышының параметрлерін реттеу WLAN желісін орнату бойынша көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе ISP жеткізушісі берген ақпаратты қараңыз.
4 Пернетақта жəне меңзегіш құрылғылары Пернетақтаны пайдалану Жылдам пернелерді анықтау Жылдам пернелер — fn пернесі (3) мен esc пернесінің (1) немесе функциялық пернелердің біреуінің (2) тіркесімі. Жылдам пернені пайдалану үшін: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі fn+esc 20 Сипаттама Жүйе ақпаратын көрсетеді.
Жылдам пернелер тіркесімі fn+f3 Сипаттама Уақытша ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктерді өшіріліп, қуат үнемделеді. Ұйқы күйінен шығу үшін қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, ұйқы күйіне өтпей тұрып, жұмысты сақтап қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Ұйқы режимінде тұрған компьютердің батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту режиміне өтеді, ал жүйелік жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
Бөлік (1) Сипаттама num lk пернесі Num lk шамы Кірістірілген сандық пернетақтада шарлау жəне сандық функциялар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. (2) Біріктірілген сандық пернетақта ● Қосулы: пернетақта сандардың функциясын атқарады. ● Өшірулі: пернетақта шарлау функциясын атқарады. Сыртқы сандық пернетақта сияқты жұмыс істейтін етіп зауытта орнатылған.
Меңзегішті пайдалану Меңзерді экранда жылжыту қажет бағытта меңзегішті басыңыз. Сыртқы тінтуірдегі сол жəне оң жақ түймелер сияқты меңзегіштегі сол жəне оң жақ түймелерді пайдаланыңыз. Сенсорлы тақтаны пайдалану Меңзерді жылжыту үшін, бір саусақты сенсорлы тақтаның бетінде керекті бағытта жылжытыңыз. TouchPad панелінің сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сол жəне оң жақ түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет түртіп қалыңыз. Сенсорлы тақта шамы мен экрандағы дисплей белгішелері сенсорлы тақтаның күйін көрсетеді. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған. TouchPad шамы Белгіше Сипаттама Сары сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшірулі: сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді.
Таңдау TouchPad сол жəне оң жақ түймелерін сыртқы тінтуірдің түймелері ретінде пайдаланыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану TouchPad панелі бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану үшін, сенсорлы тақтада екі бармақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле бермейді. Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Жылжу Жылжыту бетте немесе суретте жоғары немесе төмен жылжу үшін пайдаланылады. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтада екі жаққа қаратып орналастырып, оларды сенсорлы тақтада жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа жылжытыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжыту жылдамдығы саусақ жылдамдығымен басқарылады. Қысу/Ұлғайту Қысу іс-қимылы суретті немесе мəтінді ұлғайту не кішірейту мүмкіндігін береді. ● Ұлғайту үшін, екі бармақты қысып, сенсорлы тақтаға орналастырып, одан кейін оларды жан-жаққа жылжытыңыз.
Сызу Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. Жүргізіп өту үшін, үш саусақпен сенсорлы тақтаның аймағын ақырын, жылдам жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай түртіп өтіңіз. ЕСКЕРІМ: Үш саусақты қию əдепкі бойынша ажыратылған.
5 Техникалық қызмет көрсету Батарея салу немесе алып тастау ЕСКЕРІМ: Батареяны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін, HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын қараңыз. Батареяны салу үшін 1. Батареядағы (1) ілгектерді компьютердегі ойықтармен батареядағы құлақшаларды туралап, батареяны батарея ұясына салыңыз. 2. Батареяны (2)орнына түскенше төмен қарай басыңыз. Батарея орнына автоматты түрде түседі.
▲ Батареяның босату ысырмасын жылжытып (1), батареяны жоғары қарай тартыңыз (2). Батареяны шығарып алыңыз (3). Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою ЕСКЕРТУ: мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауапсыз қалуын болдырмау: Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызда сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына (4) қарай сырғытып, (5) көтеріңіз де қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін: 30 1.
4. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасын солға қарай сырғытыңыз (3) жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту үшін, қосымша бұранданы салып, қатайтыңыз(4). Қызмет көрсетуге арналған есікті құлыптау үшін, босату ысырмасын оңға қарай ысырыңыз (5). ЕСКЕРІМ: Қосымша бұранданы пайдалану керек болса, ол қызмет көрсетуге арналған есіктің ішкі жағында сақталады. 5. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 28-бетте қараңыз).
Қатты дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз жəне RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT мүмкіндігін уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін қосыңыз. SRT мүмкіндігін уақытша ажырату; 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Intel > Жылдам сақтау технологиясы тармағын таңдаңыз. 2. Жылдамдату қойындысында Жылдамдатуды ажырату түймешігін басыңыз. 3. Аяқтау үшін Жылдамдату режимін күтіңіз.
8. Смарт-карта ұстағышын ашып (3), тігінен көтеріп қойыңыз. 9. Қатты дискінің бұрандаларын (1) босатыңыз. Қатты диск құлақшасын (2) оңға тартып, қатты дискіні ажыратыңыз. 10. Қатты дискіні көтеріп (3), оны диск жетегінен шығарып алыңыз.
11. Қатты диск қапсырмасындағы төрт бұранданы алып (1), қатты диск қапсырмасын алыңыз (2). ЕСКЕРІМ: Жаңа қатты диск жетегінде қапсырма тіркелген болуы мүмкін. Егер қапсырма қосылмаған болса, қапсырманы жаңа қатты диск жетегіне қою үшін осы процедураны керісінше орындаңыз. Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін: 34 1. Қатты диск ұясына қатты дискіні (1) түсіріңіз. 2. Қатты диск құлақшасын (2) солға қарай қатты диск орнына түскенше тартыңыз.
3. Қатты дискіні бекіту үшін бұранданы қатайтыңыз (3). 4. Смарт-карта ұстағышын жабыңыз (1). 5. Смарт-карта ұстағышының бұрандаларын бұрап бекітіңіз (2). 6. Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды қатайтыңыз (3). 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 29-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны қайта салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 28-бетте бөлімін қараңыз). 9.
Жақтаудағы жетекті ауыстыру Жақтауда не қатты диск жетегі, не оптикалық диск жетегі тұруы мүмкін. Қатты дискіні орнына салу ЕСКЕРТУ: мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауапсыз қалуын болдырмау: Қатты диск жетегін жақтаудан шығармас бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығармаңыз. Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз.
2. Қатты диск жетегін жақтауға орнатып (1), жақтаудың бұрандаларын бұрап тартыңыз (2). 3. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 29-бетте бөлімін қараңыз). 4. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 28-бетте қараңыз). 5. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 6. Компьютерді қосыңыз.
Оптикалық диск жетегін жақтауға орнату үшін: 1. Диск салу орнын өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 2. Оптикалық диск жетегін жақтауға салыңыз (1). 3. Диск салу орнының бұрандасын (2) бекітіңіз. 4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 29-бетте бөлімін қараңыз). 5. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 28-бетте қараңыз). 6.
сыйымдылығын жад модулін бос кеңейту жад модулінің ұяларына қосу не бастапқы жад модуліндегі бар жад модулін жаңарту арқылы жаңартуға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін: ЕСКЕРТУ: жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 40 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, жад модулін майыстырмаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің теңшеліміне байланысты жад модульдерінің саны əртүрлі болуы мүмкін. 8. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 29-бетте бөлімін қараңыз). 9.
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 29-бетте бөлімін қараңыз). 6. Қатты немесе оптикалық дискіні жаңарту ұясынан алыңыз (Жақтаудағы жетекті ауыстыру 36-бетте бөлімін қараңыз). 7. Пернетақтаны алыңыз: а. Компьютерді төңкеріп, компьютердің астыңғы жағындағы қалпақты пернетақта бұрандаларын босатыңыз (1). ə. Пернетақтаны босату ысырмасын басу арқылы пернетақтаны алыңыз (2). б.
8. Егер жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін шығарып тастаңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулі иіледі. ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін статикалық электр тогы жоқ ыдысқа салыңыз. ЕСКЕРІМ: Жад модульдерінің ұясына дұрыс емес салынуын болдырмау үшін жад модульдері тілдермен (3) жабдықталған. 9.
10. Пернетақтаны орнына салыңыз: а. Пернетақтаны жоғары көтеріп, қаңқаға төңкеріп салыңыз (1). ə. Пернетақта тілдерін қаңқа ойықтарына сырғытып кіргізіңіз (2). б. Пернетақтаны(3) орнына түсетіндей етіп жайлап басыңыз. ЕСКЕРІМ: Барлық құлақшалардың орнында болуын қамтамасыз ету үшін пернетақтаның үстіңгі жағынан жайлап басыңыз.
в. Компьютерді төңкеріп, пернетақтаны орнына бекіту үшін қалпақты үш пернетақта бұрандасын (4) қатайтыңыз. 11. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 29-бетте бөлімін қараңыз). 12. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 28-бетте бөлімін қараңыз). 13. Қатты дискіні немесе оптикалық дискіні жаңарту ұясына қайта салыңыз. (Жақтаудағы жетекті ауыстыру 36-бетте бөлімін қараңыз.) 14. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз. TouchPad панелі мен пернетақтаны тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақтаны жəне пернетақтаны тазалау кезінде, сұйық заттардың пернелер арасына тамып кетуін болдырмаңыз.
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін (тек таңдаулы үлгілерде), орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
HP Recovery Disc Creator бағдарламасы қалпына келтіру DVD дискілерінің екі түрін төмендегідей жасайды: ● Windows DVD—Амалдық жүйені қосымша драйверлерсіз не бағдарламаларсыз орнатады. Бұл параметрді таңдау бастапқы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламаларын қалпына келтіретін DVD дискісін жасайды. ● Драйвер DVD дискісі—Тек нақты драйверлер мен бағдарламаларды HP Software Setup утилитасы драйверлер мен бағдарламаларды орнататын бірдей жолмен орнатады.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілерге көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме кезінде, қажетті қалпына келтіру дискілер санын азайтады. ● Дискілердің сақтық көшірмесін жасау кезінде əрбір дискіні сыртқы диск жетегіне салмастан бұрын нөмірлеңіз. Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін:: ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Startup Repair пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
4. Экранда “Қалпына келтіру үшін пернесін басыңыз” хабары көрсетілгенде f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, HP веб-торабына өтіңіз. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.
7 Тұтынушыларға қызмет көрсету Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласу Егер осы пайдаланушы нұсқаулығында, HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығында немесе Анықтама жəне қолдау орталығында берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:http://www.hp.com/go/contactHP Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызмет көрсету жапсырмасы—Келесілерді қоса маңызды ақпаратты береді: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялы нөмірі (s/n) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдің мерзімі (5) Үлгі сипаттамасы (тек таңдаулы үлгілерде) Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, осы ақпарат қолжетімді жерде болуы тиіс.
8 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер тұрақты ток қуатында жұмыс істейді, бұл қуатты айнымалы ток немесе тұрақты ток қуат көзі арқылы қамтамасыз етуге болады. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Индекс А амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 54 Өнім кілті 54 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 11 аудио шығыс (гарнитура) ұясы, анықтау 11 Ə əрекет пернелері, анықтау 21 Б батарея, ауыстыру 28 батарея қосқышы, анықтау 15 батареяны босату ысырмасы 15 батарея орны, анықтау 15 батарея ұясы 54 батарея шамы 9 бөліктер алдыңғы жағы 9 артқы көрінісі 13 астыңғы 15 дисплей 14 оң жағы 11 сол жағы 12 үстіңгі жағы 4 біріктірілген сандық пернетақта, анықтау 22 В веб-камера 14 веб-камера
құқықтық деректер құқықтық деректер жапсырмасы 54 сымсыз куəландыру белгілері 54 қызмет көрсетуге арналған есік 16 қызмет көрсетуге арналған есік, алу немесе қайта қою 29 М Медиа картаны оқу құрылғысы, анықтау 10 меңзегіш құрылғылар, таңдаулы параметрлерді орнату 22 меңзер 4 микрофон (аудио кіріс) ұясы, анықтау 11 О оптикалық дискіні шығару түймешігі, анықтау 11 Ө өнім атауы мен нөмірі, компьютер 54 Өнім кілті 54 П пернелер esc 8 fn 8 Windows бағдарламалары 8 Windows логотипі 8 функция 8 пернетақта біріктір
E eSATA порты 12 esc пернесі, анықтау 8 F f11 қалпына келтіру 51 fn пернесі, анықтау 8, 20 H HDMI порты, анықтау I ISP, пайдалану 12 17 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 54 N num lk пернесі, анықтау num lk шамы 5 22 R RJ-11 (модем) ұясы, анықтау 13 RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 12 S SIM карта ұясы, анықтау 15 T TouchPad қосу/өшіру түймешігі 7 түймешіктер 4 TouchPad аумағы анықтау 4 TouchPad тақтасының жылжу қимылы 26 TouchPad тақтасының қимылдары айналдыру 26 қысу 26 ұлғайту 26 U US