Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012, 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Үстіңгі жағы .......................
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ....... 25 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 25 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 25 Меңзеу таяқшасын қолдану ............................................................................................ 25 Сенсорлы тақтаны қолдану ..................................
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану .............................................................................. 41 Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек таңдаулы үлгілерде) ........................................................................................ 42 Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу .............................................................. 42 Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу ................
1394 құрылғысын жалғау ................................................................................................. 57 1394 құрылғысын шығарып алу ...................................................................................... 57 eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................................. 57 eSATA құрылғысын жалғау ............................................................................................. 58 eSATA құрылғысын шығарып алу ...
Қауіпсіздік ..................................................................................................................................................... 78 Компьютерді қорғау .......................................................................................................................... 78 Құпия сөздерді пайдалану ............................................................................................................... 79 Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату ..............
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ................................................................ 102 Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану ....................... 103 Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін пайдалану ....................................................................................................................... 104 Барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату .................................................
Диск ойнатылмайды ...................................................................................................... 121 Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді ........................................................................... 122 Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын тоқтатылды .............. 122 Қосымша б Электростатикалық разряд .................................................................................................. 123 Индекс .......................................
xii
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. КЕҢЕС: Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам қайту үшін пернетақтадағы Windows логотипті пернені басыңыз. Windows логотипті перне қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics (Windows 8 Негіздері) нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Үстіңгі жағы сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзердің сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдегі сол жақ түймешік қызметін атқарады. (2) Меңзердің ортаңғы түймешігі Сыртқы тінтуірдегі ортаңғы түймешік қызметін атқарады. (3) Меңзер Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Меңзердің оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдегі оң жақ түймешік қызметін атқарады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта шамы ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқылық күйде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. (4) Num lk шамы Қосулы: Num lock қосулы. (5) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама (5) Калькулятор түймешігі Калькулятор функциясын қосады. (6) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. (7) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Екі рет түртілгенде сенсорлы тақтаны қосады жəне өшіреді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе функцияларын орындайды. ЕСКЕРІМ: fn12 артқы жарықты пернетақталары бар үлгілерге арналған. (3) fn пернесі Функциялық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Сымсыз байланыс шамы Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (2) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқылық күйде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады. (3) Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама (1) RJ-11 (модем) ұясы Модемнің кабелін қосады. (2) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді, ал дисплей қуат қосылып тұрғанда жабылған болса, ұйқылық күйді қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) 12 WLAN антенналары (3)* Бап 2 Компьютермен танысу Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды.
Бөлік Сипаттама (3) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (4) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (5) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (6) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суретке түсіреді. Веб-камераны пайдалану туралы ақпаратты Анықтама жəне қолдау бөлімінен қараңыз.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (2) SIM картасының ұясы Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (4) Қосымша батарея қосқышы Қосымша батареяны жалғайды. (5) Жалғау ұясы Қосымша жалғау құрылғысын жалғайды. (6) Қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасы Компьютерден қызмет көрсетуге арналған есікті босатады.
Бөлік Сипаттама (8) Bluetooth бөлімі Ішінде Bluetooth құрылғысы бар (тек таңдаулы үлгілерде). (9) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты дискіге, сымсыз жергілікті желі LAN (WLAN) модулінің ұясына, WWAN модулінің ұясына жəне жад модулінің ұяларына қатынасты қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген. ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді: ● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы. ● CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРІМ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. 8. Батареяны орнына салыңыз. ЕСКЕРІМ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді. 9. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 11. Компьютерді қосыңыз. SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу.
Модемді пайдалану Модем 6 істікшелі RJ-11 модем кабелі арқылы аналогтық телефон желісіне қосылуы керек. Кейбір елдер мен аймақтарда арнайы модем кабелінің адаптері де қажет болуы мүмкін. Сандық PBX жүйелерінің ұялары аналогтық телефон ұяларына ұқсас болуы мүмкін, алайда, олар модеммен үйлеспейді. Модем кабелін қосу Модем кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) жалғаңыз.
Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елге/аймаққа байланысты əр түрлі болады. Модемді немесе модем кабелін компьютерді сатып алған елден/аймақтан тыс жерде пайдалану үшін сол елдің/аймақтың арнайы модем кабелінің адаптерін сатып алу керек. Модемді RJ-11 телефон ұясы жоқ аналогтық телефон желісіне қосу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 24 1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын модем кабелінің адаптеріне қосыңыз (2). 3.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (тек таңдаулы үлгілерде) меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз. Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін экрандағы элементті меңзеп, сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
Екі саусақпен басу (тек таңдаулы үлгілерде) Екі саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мəзір пəрмендерін таңдауға мүмкіндік береді. ● Таңдалған нысан үшін мəзір пəрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып басыңыз. Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде) Сызу экрандарда жылжытуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз.
Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде) Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға мүмкіндік береді. Оң жақ жиекті сипау Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерді шығарады жəне олар арқылы іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындауға болады.
Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. ● Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау үшін əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows логотипті перне ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтуға мүмкіндік береді. Windows логотипті перне қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз. Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+f12 Пернетақтаның артқы жарығын қосады жəне өшіреді (тек таңдаулы үлгілерде). ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз. Пернетақталарды пайдалану Компьютеріңізде біріктірілген сандық пернетақта бар. Бұған қоса, компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны қолдайды.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы: ● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: болады.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. 2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз. Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз.
VGA бейнелеу құрылғысын сыртқы монитор портына жалғау үшін 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелерін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін 1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын видео дисплей ұясына жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелерін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін көру үшін қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз. 4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін таңдаңыз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз. Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
Батарея қуатын пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады.
Қалған батарея зарядын көрсету ▲ Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ▲ Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз: ● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты сақтаңыз да, компьютерді өшіріңіз.
▲ Батареяның босату ысырмасын жылжытып (1), батареяны жоғары қарай тартыңыз (2). Батареяны шығарып алыңыз (3). Батарея қуатын үнемдеу ● Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны қоқысқа тастау (тек таңдаулы үлгілерде) АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз. Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері бөлімінен қараңыз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ExpressCard картасы — өнімділігі жоғары компьютер картасы. ExpressCard ұясына салынады. ExpressCard карталары PCMCIA стандарт талаптарына сəйкес жасалады. ExpressCard картасын конфигурациялау Тек картаға қажетті бағдарламалық құралды орнатыңыз.
ExpressCard картасын салу ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталардың зақымдануын болдырмау үшін, ExpressCard ұясына компьютер картасын салмаңыз. ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қупін азайту үшін: ExpressCard картасын өте жай салыңыз. ExpressCard картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе тасымалдамаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен құрылғыңыздың көрінісі сəл өзгешелеу болуы мүмкін. ExpressCard ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны шығарып алу үшін: 1.
ExpressCard картансын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3.
Смарт-картаны салу 1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу құрылғысына орныққанша сырғытыңыз. 2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Смарт-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы бірінші рет қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) IEEE 1394 жоғары жылдамдықты мультимедия файлдарын немесе деректерді сақтау құрылғысын қосатын аппараттық құрал интерфейсі. Сканерлер, сандық камералар, сандық камкордерлер 1394 қосылымын жиі сұрайды. Кейбір 1394 құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал жөнінде қосымша ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
1394 құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ 1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін 1394 кабелін компьютердегі 1394 портына жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. 1394 құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында м құрылғысын шығарып алмас бұрын оны өшіріңіз.
eSATA құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: eSATA порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ eSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін eSATA кабелін компьютердегі eSATA портына жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. eSATA құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: eSATA қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін eSATA құрылғысын шығарып алған кезде оны сымынан тартпаңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз. Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану Алынатын сыртқы дискілер мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған мүмкіндіктер санын ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: 60 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін 1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз). 2. Қызмет көрсетуге арналған есікті босату үшін, батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есік ысырмаларын (1) солға сырғытыңыз, бұранданы алыңыз (егер қосымша бұранда қолданылса) (2), одан кейін босату ысырмасын (3) қайтадан сырғытыңыз. 3.
4. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасын солға қарай сырғытыңыз (3) жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту үшін, қосымша бұранданы салып, қатайтыңыз (4). Қызмет көрсетуге арналған есікті құлыптау үшін, босату ысырмасын оңға қарай ысырыңыз (5). ЕСКЕРІМ: Қосымша бұранданы пайдалану керек болса, ол қызмет көрсетуге арналған есіктің ішкі жағында сақталады. 5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте қараңыз).
Қатты дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз жəне RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT мүмкіндігін уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін қосыңыз. SRT мүмкіндігін уақытша ажырату: 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Intel > Rapid Storage Technology тармағын таңдаңыз. 2. Accelerate (Жылдамдату) қойындысында Disable acceleration (Жылдамдатуды ажырату) түймешігін басыңыз. 3. Аяқтау үшін Жылдамдату режимін күтіңіз.
9. Қатты дискінің бұрандасын (1) босатыңыз. Қатты диск құлақшасын (2) оңға тартып, қатты дискіні ажыратыңыз. 10. Қатты дискіні көтеріп (3), оны қатты диск ұясынан шығарып алыңыз. 11. Қатты диск қапсырмасындағы төрт бұранданы алып (1), қатты диск қапсырмасын алыңыз (2). ЕСКЕРІМ: Жаңа қатты дискіде қапсырма тіркелген болуы мүмкін. Егер қапсырма қосылмаған болса, қапсырманы жаңа қатты дискіге қою үшін осы процедураны керісінше орындаңыз.
Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін: 66 1. Қатты диск ұясына қатты дискіні (1) түсіріңіз. 2. Қатты диск құлақшасын (2) солға қарай қатты диск орнына түскенше тартыңыз. 3. Қатты дискіні бекіту үшін бұранданы қатайтыңыз (3). 4. Смарт-карта ұстағышын жабыңыз (1). 5. Смарт-карта ұстағышының бұрандаларын бұрап бекітіңіз (2). 6. Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды қатайтыңыз (3).
7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 61-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз). 9. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 10. Компьютерді қосыңыз. Жаңартуға арналған орындағы жетекті ауыстыру Жаңартуға арналған орында не қатты диск жетегі, не оптикалық диск жетегі тұруы мүмкін.
10. Қатты дискіні жаңартуға арналған орыннан алыңыз (3). Қатты диск жетегін жаңартуға арналған орынға орнату үшін: 68 1. Жаңартуға арналған орынды өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 2. Қатты дискіні жаңартуға арналған орынға орнатып (1), бұранданы бұрап бекітіңіз (2). 3. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 61-бетте бөлімін қараңыз). 4. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте қараңыз).
Оптикалық диск жетегін алмастыру ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Оптикалық диск жетегін жақтаудан шығармас бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, оптикалық жинақтағыш дискіні шығармаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Оптикалық диск жетегін жақтаудан шығару үшін: 1.
3. Жаңартуға арналған орынның бұрандасын (2) бекітіңіз. 4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 61-бетте бөлімін қараңыз). 5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте қараңыз). 6. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 7. Компьютерді қосыңыз.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін: 1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз. 2. Бастау экранында диск деп теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Дефрагментация и оптимизация дисков (Дисктерді дефрагментациялау жəне оңтайландыру) пəрмендерін таңдаңыз. 3. Оптимизация (Оңтайландыру) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды.
позицияға орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы белгішені басыңыз. ● Бағдарламалық құрал қосылған жағдайда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып жасыл құсбелгісі шығады. ● Бағдарламалық құрал өшірілген жағдайда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып қызыл Х белгісі шығады. ● Диск қауіпсіз орналастырылғанда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып сары ай белгісі шығады.
Бағдарламалық құралды ашып параметрлерін өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан белгішені екі рет басыңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Параметры (Параметрлер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. 2. Параметрлерді өзгерту үшін сəйкес түймешікті басыңыз. 3. OK түймешігін басыңыз.
5. Дискіні орнына қонғанша науаға қарай абайлап басыңыз (3). 6. Диск науасын жабыңыз. ЕСКЕРІМ: Дискіні енгізгеніңізден кейінгі аздаған кідіріс қалыпты болып табылады. Егер сіз медиа ойнатқышын таңдамасаңыз, AutoPlay тілқатысу терезесі ашылады. Ол сізге медиа мазмұнын қалай пайдаланатыныңызды таңдауды ұсынады. Оптикалық дискілерді шығарып алу Диск науасы Диск науасының қалыпты ашылуына немесе ашылмауына байланысты дискіні шығарып алудың екі жолы бар. Егер диск науасы қалыпты ашылатын болса 1.
2. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискіні қорғаушы қабына салыңыз. Диск науасы қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 1. Жетектің алдыңғы беткі тақтасындағы босату тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын салыңыз (1). 2.
3. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 4. 76 Диск науасын жауып, дискіні қорғаушы қабына салыңыз.
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілері — бір компьютерге салынған дискіні сол желідегі басқа компьютерлердің пайдалануына жол беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі. ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге пайдаланылады) *Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін, көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны қорғайды. ЕСКЕРІМ: Құпия сөзді Computer Setup мазмұндарын қорғау үшін қолдану мүмкін емес. Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі барысында DriveLock Passwords параметрінде орнатылады.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз. 5. Жаңа құпия сөз сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 7. Жаңа құпия сөз қайта сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз. 8. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Set DriveLock Password (DriveLock құпиясөзін тағайындау) пəрменін таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. Көрсеткі пернелерінің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 5.
Computer Setup құралының автоматты DriveLock құпия сөзін пайдалану Бірнеше пайдаланушы болғанда, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға болады. Автоматты DriveLock құпия сөзі функциясы қосылғанда, кездейсоқ пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock басты құпия сөзі сіз үшін жасалады. Кез келген пайдаланушы құпия сөз куəлігін тапсырғанда, диск құлпын ашу үшін, сол кездейсоқ пайдаланушы жəне DriveLock басты құпия сөзі қолданылады.
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз. Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану Компьютерді электрондық пошта, желі немесе Интернет бетін ашу үшін пайдаланғанда оған вирустар ену қаупі төнеді. Компьютерлік вирустер амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе қызметтік бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне əкеліп соқтырады.
Компьютер зауыттан жіберілген сəттен бастап амалдық жүйе жаңартуларын жəне басқа да бағдарламаларды табуға жəне пайдалануға болады. Барлық алуға болатын жаңартулардың компьютерге орнатылғанына көз жеткізу үшін мына нұсқауларды орындаңыз: ● Компьютеріңізді реттеп болған соң Windows Update жаңарту қызметін қосыңыз. ● Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп, жүйеге кіруге болады. Сонымен қатар, саусақ ізін оқу құрылғысын жүйеге кіру кезінде веб-сайттар мен басқа да бағдарламалардың құпия сөзін енгізу үшін пайдалануға болады.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде жад модулінің екі бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 61-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
3. Батарея ұясын өзіңізден басқа жаққа қаратып, компьютерді тегіс бет үстінде аударып қойыңыз. 4. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз). 5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 61-бетте бөлімін қараңыз). 6. Қатты немесе оптикалық дискіні жаңартуға арналған орыннан алыңыз (Жаңартуға арналған орындағы жетекті ауыстыру 67-бетте бөлімін қараңыз). 7. Пернетақтаны алыңыз: а.
б. Компьютердің оң жағын жоғары қаратып, пернетақтаның үстіңгі шетіндегі бес құлақшаны жайлап босатыңыз. ЕСКЕРІМ: Пернетақта кабелін ажыратпаңыз. Пернетақта кабелін ажыратпау үшін, пернетақтаны компьютерден алысқа тартпаңыз. в. 8. Пернетақтаны сенсорлы тақта үстіне орнатыңыз. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. ə.
9. Тілді туралап (1), жад модулін орнына (2) сырғытыңыз жəне оны орнына жайлап басыңыз (3). 10. Пернетақтаны орнына салыңыз: а. Пернетақтаны жоғары көтеріп, қаңқаға төңкеріп салыңыз (1). ə. Пернетақта тілдерін қаңқа ойықтарына сырғытып кіргізіңіз (2).
б. Пернетақта орнына түсу үшін оның жоғарғы шетінен солдан оңға қарай қысым бере отырып, пернетақтаны (3) орнына түскенше жайлап басыңыз. ЕСКЕРІМ: Барлық құлақшалардың орнында болуын қамтамасыз ету үшін пернетақтаның үстіңгі жағынан жайлап басыңыз. в. 96 Бап 10 Күтім Пернетақтаны орнына түсіру үшін жаңарту ұясындағы құлақшаны тексеріңіз. Орнына түспеген болса, орнында бекітілгенше құлақшаны жайлап басыңыз.
г. Компьютерді төңкеріп, пернетақтаны орнына бекіту үшін қалпақты үш пернетақта бұрандасын (4) қатайтыңыз. 11. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 61-бетте бөлімін қараңыз). 12. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз). 13. Қатты дискіні немесе оптикалық дискіні жаңартуға арналған орынға қайта салыңыз. (Жаңартуға арналған орындағы жетекті ауыстыру 67-бетте бөлімін қараңыз.) 14. Компьютерді қосыңыз.
Тазалау іс рəсімдері Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз: Компьютерді өшіріңіз. Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Производительность и устройства (Өнімділік жəне құралдар) > Mobile Display Assistant тармағын таңдаңыз. Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
4. Экранда «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары шыққанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере аласыз.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін пайдалану Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды.
f11 пернесін пайдалану үшін 1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз. – немесе – Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 3. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру) параметрін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастау экранын пайдалану үшін 1.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз: Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Advanced System Diagnostics пайдалану Advanced System Diagnostics (Кеңейтілген жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Advanced System Diagnostics құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді: ● System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Компьютердің экраны бос Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп болуы мүмкін: ● Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз. 2. Бастау экранына п əрпін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін басыңыз жəне Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз. 3.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс Таңбалар/Сандар 1394 кабелі, жалғау 57 1394 құрылғылары белгіленген 56 қосылу 57 шығарып алу 57 1394 порты, анықтау 11 А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 86 шығарып алу 86 айнымалы ток адаптері, тексеру 49 айнымалы ток адаптерін тексеру 49 ақаулықтарды жою дискіге жазу 122 дискіні ойнату 121 оптикалық диск салғыш 119 оптикалық дискіні анықтау 121 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 122 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 10 аудио функциялар, тексеру 37 аудио функцияларды тексеру 37 аудио шығыс (құ
И Интернет байланысын орнатқыш 18 К кабельдер 1394 57 eSATA 58 USB 55 калькулятор түймешігі, анықтау 7 калькулятор шамы 5 компьютер, сапарға шығу 47, 115 компьютерге күтім көрсету 97 компьютерді өшіру 41 компьютерді сапарға алып шығу 47, 112, 115 компьютерді тазалау 97 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 104 конфигурациялау ExpressCard карталары 51 корпоративтік WLAN қосылымы 19 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 33 Күту қосу 42 шығу 42 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 70 Дискіні тазалау 71
үндеткіш дыбысын жоғарылату 33 үндеткіш дыбысын төмендету 33 экран жарықтығын азайту 33 экран жарықтығын арттыру 34 экран кескінін ауыстырып қосу 33 пернетақта кірістірілген сандық 8 пернетақта, сыртқы num lock 35 пайдалану 35 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 32 пернетақталар, анықтау 34 пернетақтаның артқы жарығы 34 порттар 1394 11 DisplayPort 11, 39 USB 11 USB зарядтау 11 VGA 38 сыртқы монитор 10, 38 Р реттеу утилитасы зауыт параметрлерін қалпына келтіру 107 шарлау жəне таңдау 106 С Сақтық кө
Ш шамдар caps lock 5 num lk 5 батарея 9 веб-камера 13 калькулятор 5 қатты диск 9 қуат 5, 9 Сенсорлы тақта 5 сымсыз байланыс 5 шамдар, қатты диск 72 Ы ысырмалар, батареяны босату 14 І ішкі дисплей қосқышы 12 ішкі микрофондар, анықтау 13 Э экран жарықтығы пернелері 34 экран кескіні, ауыстырып қосу 33 электростатикалық разряд 123 A advanced system diagnostics 110 B BIOS жаңарту 108 жаңартуды жүктеп алу 109 нұсқаны анықтау 108 Bluetooth бөлімі, анықтау 15 Bluetooth жапсырмасы 112 Bluetooth құрылғысы 16, 21 Dis
WWAN антенналары, анықтау 13 WWAN құрылғысы 16, 19 128 Индекс