HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Желі қалтасына сканерлеу жəне электрондық поштаға
сканерлеу мүмкіндіктерін орнатыңыз
Осы сканерлеу мүмкіндіктерін қолдану үшін, өнім желіге қосылған болуы керек. Теңшемей
тұрып, осы сканерлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізу мүмкін емес. Өнімнің бағдарламасын орнату
үрдісі соңына жеткенде, Scan to Network Folder Setup Wizard (Желі қалтасына сканерлеу
функциясын орнату шебері) (Windows) жəне Scan to Email Wizard (Электрондық поштаға
сканерлеу шебері) (Windows) көмегімен нем
е
се HP енгізілген веб-серверін пайдаланып осы
мүмкіндіктердің параметрлерін реттеңіз. Төмендегі нұсқауларда HP енгізілген веб-серверін
пайдаланып сканерлеу мүмкіндіктерін теңшеу сипатталады.
Желі қалтасына сканерлеу функциясының параметрлерін реттеу
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі
түймешігін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP
мекенжайын енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының
құралдар жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де
болады.
3. Scan (Сканерлеу) қойындысын ашыңыз.
4. Экранның сол жақ тақтасындағы Scan to Network Folder Setup (Желі қалтасына
сканерлеу функциясын орнату) сілтемесін басыңыз.
5. Жаңа қалта орнату үшін, New (Жаңа) түймешігін басыңыз.
6. Экрандағы жолдарды толтырыңыз.
7. Параметрлерді сақтап, жаңа орнатуды тексеру үшін, Save and Test (Сақтау жəне тек
серу)
тү
ймесін басыңыз.
Электрондық поштаға сканерлеу функциясының параметрлерін
реттеу
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі
түймешігін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP
мекенжайын енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының
құралдар жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де
болады.
3. Scan (Сканерлеу) қойындысын ашыңыз.
KKWW
Желі қалтасына сканерлеу жəне электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндіктерін
орнатыңыз
103










