HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Электрондық поштаға сканерлеу
Файлды электрондық пошта мекенжайына тікелей сканерлеу үшін, өнімнің басқару тақтасын
пайдаланыңыз. Сканерленген файл электрондық пошта хабарламасының тіркелгісі ретінде
мекенжайға жіберіледі.
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін, өнім желіге қосылуы жəне сканерлеу мүмкіндігі
HP енгізілген веб-серверін пайдаланып реттелуі тиіс.
1. Қағазды сканер əйнегіне немесе құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына салыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Сканерлеу түймешігін түртіңіз.
3. Электрондық поштаға сканерлеу элементін түртіңіз.
4. Электрондық хат жіберу элементін түртіңіз.
5. Пайдаланылатын Жіберуші мекенжайын таңдаңыз. Сондай-ақ, бұл «шығыс электрондық
пошта профилі» ретінде белгілі.
ЕСКЕРІМ: PIN мүмкіндігі орнатылған болса, PIN кодын енгізіп, OK түймешігін түртіңіз.
Дегенмен, бұл мүмкіндікті пайдалану үшін PIN коды қажет емес.
6. Алушы түймешігін түртіп, файл жіберілетін мекенжайды немесе топты таңдаңыз. Аяқтаған
кезде Done Орындалды») түймешігін түртіңіз.
7. Тақырып жолын қосу керек болса, Тақырып түймешігін түртіңіз.
8. Келесі түймешігін түртіңіз.
9. Басқару тақтасы экранында сканерлеу параметрлері көрсетіледі.
Параметрлердің біреуін өзгерткіңіз келсе, Параметрлер түймешігін түртіп, параметрді
өзгертіңіз.
Егер параметрлер дұрыс бо
лса, кел
есі қадамға өтіңіз.
10. Сканерлеу тапсырмасын бастау үшін Сканерлеу түймешігін түртіңіз.
106
Бап 6 Сканерлеу KKWW