HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Өніммен қосылып пайдаланылатын телефондарды екі əдіспен пайдалануға болады:
● Қосымша телефон сол телефон желісіне басқа жерден жалғанады.
● Кіріс ағым телефоны өнімге немесе өнімге қосылған басқа құрылғыға жалғанады.
Қосымша құрылғыларды келесі қадамдарда сипатталған тəртіппен қосыңыз. Əрбір құрылғының
шығу порты келесі құрылғының кіру портына жалғанып, «тізбек» құрады. Егер сіз белгілі бір
құрылғыны қосқыңыз келмесе, оны түсіндіретін қадамды тастап кетіп, келесі құрылғыға өтіп
жалғастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Телефон желісіне қосылатын құрылғылардың саны үштен артық болмауы керек.
ЕСКЕРІМ: Бұл өнімде дауыс поштасы қарастырылмаған.
1. Жалғанатын барлық құрылғылардың кабельдерін қуат көзінен ажыратыңыз.
2. Құрылғыны телефон ұясына жалғаңыз.
3.
«Телефон желісінің шығысы» портынан
пластик қақпақты алып тастаңыз.
4. Компьютердегі ішкі немесе сыртқы модемді қосу үшін, телефон сымының бір ұшын өнімнің
«телефон желісінің шығысы» портына
қосыңыз. Телефон сымының екінші ұшын модем
немесе компьютердегі факстың «кіріс» портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдерде арнаулы дауыс желісіне қосатын екінші «желі» порты
болады. Егер сізде екі «желі» порты болса, дұрыс «желі» портына қосуды қамтамасыз ету
үшін модем құжаттарын қараңыз.
5. Шақырушы абоненттің идентификаторы блогын қосу үшін, телефон сымын бұған дейінгі
құрылғының «телефон» портына жалғаңыз. Телефон сымының екінші ұшын шақырушы
абоненттің идентификаторы блогындағы «желі» портына жалғаңыз.
6. Автоматты түрде жауап беру машинасын қосу үшін, телефон сымын бұған дейінгі
құрылғының «телефон» портына жалғаңыз. Телефон сымының екінші ұшын автоматты
түрде жауап беру машинасының «желі» портына жалғаңыз.
7. Телефонды қосу үшін, телефон сымын бұған дейінгі құрылғының «телефон» портына
жалғаңыз. Телефон сымының екінші ұшын телефонның «желі» портына жалғаңыз.
8. Қосымша құрылғыларды жалғап болғаннан кейін, барлық құрылғыларды қуат көздеріне
қосыңыз.
Автоматты түрде жауап беру машинасы бар факсті орнатыңыз
Өнімге автоматты түрде жауап беру машинасын жалғасаңыз, құрылғының параметрлерін
төмендегі қадамдар бойынша реттеңіз:
KKWW
Құрылғыны факсты қолдануға бейімдеу
111










