HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Байланысқа дайын болу сигналын табу функциясын орнатыңыз
Əдетте өнім дереу факс нөмірін теруді бастайды. Егер сіз өнімді телефон қосылған желіде
пайдалансаңыз, байланысқа дайын болу сигналын табу параметрін қосыңыз. Бұл басқа біреу
телефонды пайдаланып жатқан кезде өнімнің факс жіберуін болдырмайды.
Байланысқа дайын болу сигналын табудың зауыттық стандартты параметрі Франция мен
Венгрия үшін Қосылған, ал басқа барлық елдер/аймақтар үшін Өшірілген.
1.
Өн
імнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup Факс параметрлері») мəзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup Күрделі параметрлер») мəзірін түртіңіз.
4. Detect Dial Tone Теру сигналын анықтау») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де, Қосылған
немесе Өшірілгентүймесін түртіңіз.
Нөмірді тондық теру немесе импульстік теру
Өнімді нөмірді батырмамен теру немесе импульстік теру режиміне орнату үшін осы
процедураны пайдаланыңыз. Зауыттық стандартты мəн: Тоналдық. Телефон желісінде нөмірді
батырмамен теру мүмкін емес болса ғана бұл параметрді өзгертуге болады.
ЕСКЕРІМ: Нөмірді импульстік теру опциясы барлық елдерде/аймақтарда қолданыла
бермейді.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup Факс параметрлері») мəзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup Күрделі параметрлер») мəзірін түртіңіз.
4. Dialing Mode Нөмір теру режимі») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де, Тоналдық
немесе Импульстіктүймесін түртіңіз.
Автоматты қайта теру опцияларын орнату
Егер қабылдаушы факс машинасы жауап бермегендіктен немесе бос болмағандықтан, өнім
факсты жібере алмаса, «бос болмағанда, нөмірді қайта теру», «жауап болмағанда, нөмірді
қайта теру» жəне «байланыс қатесі болғанда, нөмірді қайта теру» опциялары бойынша құрылғы
нөмірді қайта тереді.
Бос болмағанда нөмірді қайта теру опциясын орнатыңыз
Бұл параметр қосылғанда желі бос ем
ес си
гналын алған жағдайда, құрылғы автоматты түрде
қайта тереді. Бос болмағанда нөмірді қайта теру опциясы үшін зауыттық стандартты мəн
мынадай: Қосылған.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup Факс параметрлері») мəзірін түртіңіз.
118
Бап 7 Факс KKWW