HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Жауап беру режимін орнатыңыз
Жағдайға байланысты өнімнің жауап беру режимін Aвтоматты, TAM (телефонның автоматты
жауап беру құрылғысы), Факс/Телефон немесе Қолмен орындалатын етіп орнатыңыз.
Зауыттық стандартты мəн: Aвтоматты.
● Aвтоматты: өнім кіруші қоңырауға қоңыраулардың белгілі бір санынан кейін немесе
арнаулы факс сигналдарын таныған соң жауап береді.
●
TAM (телефонның автоматты жауап беру құрылғысы): өні
м қоңырау шалынған кезде
автоматты түрде жауап бермейді. Орнына, факстің үнің анықтағанша күтеді.
●
Факс/Телефон: өнім кіруші қоңырауларға дереу жауап береді. Факс үнін анықтаған
жағдайда, қоңырауды факс ретінде қабылдайды. Факс үнін анықтамаған жағдайда, кіруші
қоңырауға жауап беруіңіз үшін естілетін дыбыс шығарып, ескертеді.
● Қолмен орындалатын: Өнім ешқашан кед
ергі келтірмей қоңырауларға жауап бере
алмайды. Басқару тақтасындағы Start Fax («Факсты бастау») түймешігін басу немесе сол
желіге қосылған телефонды көтеріп, 1-2-3 сандарын теру арқылы факс қабылдау процесін
өзіңіз бастауыңыз қажет.
Жауап беру режимін орнату немесе өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
(«Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мəзірін түртіңіз.
3. Basic Setup («Негізгі параметрлер») мəзірін түртіңіз.
4. Answer Mode («Жауап беру режимі») түймесіне жылжып барып, оны түртіңіз. Одан кейін
қолданылатын параметр атауын түртіңіз.
Факс нөмірлерін бұғаттау жəне бұғаттауды жою
Егер белгілі бір адамдардан немесе мекемелерден факс алуды қаламасаңыз, басқару панелі
арқылы 30 факс нөмірін құлыптауға болады. Егер факс нөмірін құлыптап қойсаңыз жəне сол
нөмірден сізге факс жіберсе, басқару панелінің дисплейі нөмірдің құлыптанғанын көрсетеді,
факс басып шығарылмайды жəне факс жадта сақталмайды. Құлыптанған факс нөмірлерінен
келген факстар факс жұмыстарын тіркеу журналында «к
ерексіз» бе
лгісімен көрсетіледі.
Құлыптанған факс нөмірлері үшін құлыптауды біртіндеп немесе бір мезгілде барлық нөмірлер
үшін жоюға болады.
ЕСКЕРІМ: Бұғатталған факсті жіберушіге факстің қабылданбағаны туралы мəлімет
берілмейді.
ЕСКЕРІМ: Жіберуші факстың тақырыбын қоймаған болса, нөмірге тыйым салу мүмкін емес.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мəзірі түймесін басыңыз.
3. Receive Options («Қабылдау параметрлері») түймесін басыңыз.
KKWW
Факс қабылдау параметрлерін реттеу
123










