HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
3. Volume Settings («Дыбыс деңгейінің параметрлері») мəзірін түртіңіз.
4. Реттелетін дыбыс деңгейі параметрінің атауын, ал одан кейін опциялардың бірін түртіңіз.
Əр дыбыс деңгейінің параметрі үшін осы қадамды қайталаңыз.
Мөрленетін факстарды орнату
Өнім əрбір қабылданған факстің жоғарғы бөлігінде жіберушінің идентификациялық мəліметін
басып шығарады. Сонымен қатар, факстың қабылданған күні мен уақытын растау үшін кіріс
факстарын өзіңіздің тақырып ақпаратымен белгілеуге болады. Қабылданған факстарға штамп
басу параметрінің зауыттық стандартты мəні Өшірілген.
ЕСКЕРІМ: Кіруші штамп қою мүмкіндігін қосу қағаз аумағын азайтып, өнім екінші бетті басып
шығаруға мəжбүр болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Бұл опция өнім басып шығаратын қабылданған факстерге ғана қолданылады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
(«Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мəзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мəзірін түртіңіз.
4. Stamp Faxes («Факсқа мəлімет қосу») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де, Қосылған
түймесін түртіңіз.
Жеке қабылдау мүмкіндігін белгілеу
Private-receive (Құпия түрде қабылдау) мүмкіндігі қосылып тұрғанда, алынған факстар басылып
шығарылмайды, жадта сақталады. Сақталған факстарды басып шығару үшін кілтсөз қажет
болады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
(«Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мəзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мəзірін түртіңіз.
4. Private Receive («Құпия факстарды қабылдау») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де,
Қосылған түймесін түртіңіз.
5. Жүйе кілтсөзі орнатыомаған болса, құрылғы оны жасауды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Жүйе кілтсөзі регистрге байланысты.
а. Жүйе кілтсөзін енгізу үшін OK түймесін түртіп, одан кейін пернетақтаны
пайдаланыңыз.
ə. OK түймесін түртіңіз, екінші рет енгізу арқылы кілтсөзді растаңыз, одан кейін кілтсөзді
сақтау үшін OK түймесін түртіңіз.
Функция қосылғаннан кейін, Print Private Faxes («Құпия факстарды басып шығару») түймешігі
Факс мəзірі > Receive Options («Қабылдау параметрлері») мəзірінде бола
ды.
KKWW
Факс қабылдау параметрлерін реттеу
127










