HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Ағымдағы факсті тоқтатыңыз
Басқару тақтасындағы Cancel Бас тарту») түймешігін басыңыз. Əлі берілмеген беттер
тоқтатылады. Cancel
Бас тарту») түймешігі басылғанда топтық теру тапсырмалары да
тоқтатылады.
Орындалуын күтіп тұрған факс тапсырмасын тоқтатыңыз
Бұл процедураны факс тапсырмасын мынадай жағдайларда тоқтату үшін пайдаланыңыз:
Бос емес сигналынан, жауапсыз шақырудан немесе байланыс қатесінен кейін өнім нөмірді
қайта теруді күтіп тұр.
Факс алдағы уақытта жіберілетін етіп жоспарланған.
Fax Job Status Факс тапсырмасының күйі») мəзірін пайдалану арқылы факс тапсырмасын
тоқтату үшін келесі қадамдарды пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы нег
і
згі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мəзірі түймесін басыңыз.
3. Send Options Факс жіберу параметрлері») түймесін басыңыз.
4. Fax Job Status Факс тапсырмасының күйі») түймесін басыңыз.
5. Тоқтатылатын тапсырманың факс нөмірін түртіңіз.
Факстерді жадтан өшіріңіз
Басқа біреу сіздің өніміңізді пайдаланып, оның жадында сақталған факстерді қайта басып
шығаруы мүмкін деп алаңдасаңыз ғана осы процедураны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қайта басып шығару жадын тазалаумен қатар бұл процедура жіберіліп жатқан
факсті, жіберілмеген, бірақ кезекте тұрған факстерді, алдағы уақытта жіберуге жоспарланған
факстерді жəне басып шығарылмаған немесе жіберілмеген факстерді жояды.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Қызмет мəзірін басыңыз.
3. Fax Service Факс қызметі») мəзірін басыңыз.
4. Clear Saved Faxes Сақталған факстарды жою») түймешігін басыңыз.
Факсті DSL, PBX немесе ISDN жүйелерінде пайдалану
HP өнімдері əдеттегі аналогтық телефон қызметтерімен бірге пайдалануға арналып жасалған.
Олар DSL, PBX, ISDN желілерінде немесе VoIP қызметтерінде жұмыс істеуге арналмаған, алайда
олар тиісті параметр мен жабдықпен жұмыс істейді.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы DSL, PBX, ISDN жəне VoIP реттеу опцияларын қызмет көрсетушімен
талқылап көруді ұсынады.
130
Бап 7 Факс KKWW