HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Планшетті сканерден факс жіберу
1. Құжатты төмен қаратып сканер əйнегіне
салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер құжаттар бір уақытта
құжат бергіште де, сканер əйнегінде де
болса, өнім сканер əйнегіндегі емес, құжат
бергіштегі құжатты өңдейді.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда Факс түймешігін түртіңіз.
3. Факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз.
4. Start Fax («Факсты бастау») түймесін
басыңыз.
5. Құрылғы сканер əйнегінен жіберілуді
растауды сұрайды. Yes («Иə») түймесін
басыңыз.
6. Құрылғы алғашқы бетті салуды ұсынады.
OK түймесін басыңыз.
7. Құрылғы құжаттың алғашқы бетін
сканерлеп, ке
лесі бе
тін салуды ұсынады.
Құжат бірнеше беттен тұрса, Yes («Иə»)
түймесін түртіңіз. Барлық беттерді
сканерлеп болғанша осы процесті
жалғастырыңыз.
8. Соңғы бетті сканерлеп болғанда ұсыныс
бойынша Жоқ түймесін түртіңіз. Құрылғы
факс жібереді.
KKWW
Факсті пайдаланыңыз
133










