HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

HP Wireless Direct Printing мүмкіндігін орнату
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті тек сымсыз үлгілерде қолдануға болады.
HP Wireless Direct Printing мүмкіндігі сымсыз тасымалы құрылғыдан HP сымсыз тікелей қосылған
өніміне орнатылған желіге немесе Интернетке байланысты қажет етпестен тікелей басып
шығаруға мүмкіндік береді. HP Wireless Direct мүмкіндігін мына құрылғылардан сымсыз басып
шығару үшін пайдаланыңыз:
Apple AirPrint пайдаланатын iPhone, iPad немесе iTouch
Android, iOS немесе Symbian жүйесінде HP ePrint Home & Biz бағдарламасын
пайдаланатын тас
ымалы құрылғылар
HP Wireless Direct мүмкіндігін басқару тақтасынан орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндік үшін өнімге қауіпсіздік құпия сөзін орнату қажет. Құпия сөзді бұрын
теңшемеген болсаңыз, осы мүмкіндікті қосқаннан кейін біреуін теңшеу ұсынылады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Сымсыз түймешігін түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Сымсыз байланыс мəзірі
Wireless Direct параметрлері
Қосулы/өшірулі
ЕСКЕРІМ: Егер Wireless Direct параметрлері элементі басқару тақтасында пайда
болмаса, өнімнің аппараттық бағдарламалық құралын жаңарту қажет. Ағымдағы нұсқаны
алу үшін,
www.hp.com веб-торабына өтіп, HP өнім нөмірін іздеу жолағына енгізіңіз де,
нақты өнім үлгісін таңдаңыз, одан кейін Бағдарламалық құрал жəне драйверлер жүктеп
алу сілтемесін басыңыз.
3. Қосылған мəзір элементін түртіңіз. Өнім қауіпсіздік құпия сөзін орнатуды ұсынуы мүмкін.
Өнім параметрді сақтап, басқару тақтасындағы Wireless Direct параметрлері мəзіріне
қайтады.
KKWW
HP Wireless Direct Printing мүмкіндігін орнату
145