HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
5. Сенсорлы экрандағы пернетақтаны пайдаланып ішкі желі маскасын енгізіңіз де, OK
түймешігін түртіңіз. Растау үшін Yes («Иə») түймесін түртіңіз.
6. Сенсорлы экрандағы пернетақтаны пайдаланып əдепкі шлюзды енгізіңіз де, OK түймешігін
түртіңіз. Растау үшін Yes («Иə») түймесін түртіңіз.
Желідегі өнімнің атауын өзгерту
Ерекше белгілеу үшін желідегі өнімнің атауын өзгерту керек болса, HP ішкі веб-серверін
пайдаланыңыз.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі
түймешігін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP
мекенжайын енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының
құралдар жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де
болады.
3. Жүйе қосымша бетін ашыңыз.
4. Құрылғы туралы ақпарат бетінде əдепкі өнім аты Құрылғы күйі жолында болады. Осы
атты өзгертіп осы өнімді бірегей түрде анықтауға болады.
ЕСКЕРІМ: Осы беттегі басқа жолдарды толтыру міндетті емес.
5. Өзгерістерді сақтау үшін, Қолдану түймешігін басыңыз.
148
Бап 8 Басқару жəне күту KKWW










