HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Бұл өнім қауіпсіздікті сақтауға, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға жəне өнімді
бақылап, оған техникалық қызмет көрсету жолдарын жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік
стандарттарын жəне ұсынылған протоколдарды қолдайды.
HP компаниясының қауіпсіздік бейнені өңдеу жəне басып шығару шешімдері жөнінде толық
ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торапта қауіпсіздік
мүмкіндіктері жөніндегі ақ беттерге жəне ЖҚС құжаттарына сілтемелер береді.
Өнімді құлыптау
1. Қауіпсіздік кабелін өнімнің артқы
жағындағы ұяға тағуға болады.
Өнім кілтсөзін орнату немесе өзгерту
HP енгізілген веб-серверін пайдаланып кілтсөзді орнатыңыз немесе желідегі өнімнің бұрыннан
бар кілтсөзін өзгертіңіз.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі
түймешігін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP
мекенжайын енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының
құралдар жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де
болады.
3. System (Жүйе) қойындысын ашып, Administration (Басқару) сілтемесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер құпия сөз алдын ала орнатылған болса, құпия сөзді теру ұсынылады.
Құпия сөзді енгізіп, OK түймешігін басыңыз.
KKWW
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
157