HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
«Мəселелерді шешу» тексеру парағы
Өнімге қатысты мəселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
●
1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеру
●
2-қадам: Кабельдерді немесе сымсыз байланысты тексеру
●
3-қадам: Басқару тақтасындағы қате хабарларын қарау
●
4-қадам: Қағазды тексеріңіз
●
5-қадам: Бағдарламалық құралды тексеру
●
6-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
●
7-қадам: Көшірме жұмысын тексеру
●
8-қадам: Факс жұмысын тексеру
●
9-қадам: Тонер картриджін тексеру
●
10-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
●
11-қадам: Өнімнің желіде екендігін тексеріңіз
1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеру
1. Өнімді қосу үшін немесе қуатты автоматты түрде өшіру режимін ажырату үшін, қуат
түймешігін басыңыз.
2. Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
3. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына сəйкес келетінін тексеріңіз. (Кернеу
талаптарын өнімнің артқы жағындағы жапсырмадан қараңыз.) Желілік сүзгі пайдалансаңыз
жəне оның кернеуі талаптарға сай болмаса, өнімді тікелей қабырғадағы розеткаға
жа
лғаңыз. Егер ол қабырғадағы розеткаға жалғанып тұрған болса, басқа розеткаға жалғап
көріңіз.
4. Егер осы əрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету
қызметімен байланысыңыз.
2-қадам: Кабельдерді немесе сымсыз байланысты тексеру
1. Өнім мен компьютердің арасындағы кабель жалғауын тексеріңіз. Жалғаудың қауіпсіз
екеніне көз жеткізіңіз.
2. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
162
Бап 9 Мəселелерді шешу KKWW










