HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

10-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
1. Тапсырманы өнімнің бағдарламалық жасақтамасы орнатылған басқа бір компьютерден
басып шығарып көріңіз.
2. USB немесе желі кабелінің байланысын тексеріңіз. Өнімді дұрыс портқа тікелей жалғаңыз
немесе бағдарламалық құралды қайта орнатып, пайдаланылатын байланыс түрін
таңдаңыз.
3. Егер баспа сапасы қанағаттанарлық болмаса, баспа параметрлерінің пайдаланылатын
қағазға сəйкес келетінін тексеріңіз.
11-қадам: Өнімнің желіде екендігін тексеріңіз
Желідегі өнімдер үшін веб-шолғышты ашып, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын (бұрын
басып шығарылған конфигурация бетінен) енгізіп HP енгізілген веб-серверін ашыңыз. HP EWS
ашылмаса, өнімді желіде қайта орнатыңыз.
KKWW
«Мəселелерді шешу» тексеру парағы
165