HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Өнімнің қоршаған ортасын тексеру
Өнімнің Кепілдік жəне заңды нұсқаулығында тізімделген қоршаған орта ерекшеліктеріне сай
жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі
пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте
тозуы мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін
ауыстырған жөн.
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға
болады. Сол драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP енгізілген веб-серверін
пайдаланып қосуға болады.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа қойындысын ашып, Баспа сапасы аймағын табыңыз.
4. Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
600 dpi (600 нүкте/дюйм) опц
и
ясын таңдаңыз.
Мүмкіндікті қосу үшін EconoMode (Үнемдеу режимі) құсбелгісін қойыңыз.
Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.
Оны өшіру үшін EconoMode (Үнемдеу режимі) құсбелгісін алыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін
басыңыз. Тапсырманы басып шығару үш
і
н Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі
OK түймешігін басыңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Егер басып шығарылған бетте күтпеген сызықтар болса, мəтін немесе сызбалар жоқ болса,
қате пішімдер немесе алмасқан қаріптер болса, басқа принтер драйверін пайдалану қажет
болуы мүмкін.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
189