HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Факстің жеке есептерін басып шығарыңыз
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мəзірі түймесін басыңыз.
3. Fax Reports («Факс есеп берулері») түймесін басыңыз.
4. Басылып шығатын есептін атын түртіңіз.
Факс қатесі туралы есеп беруді орнатыңыз
Факс қатесі туралы есеп - бұл өнімде факс тапсырмасының қатесі пайда болғаны туралы қысқа
есеп береді. Оны келесі оқиғалардан кейін басылып шығатын етіп реттеуге болады:
●
Əрбір факс қатесі (зауыттық стандартты мəн)
●
Факс жіберу қатесі
●
Факс қабылдау қатесі
● Еш уақытта
ЕСКЕРІМ: Осы параметр қосылғанда факс журналы басылмаса, факстің жіберілмегені
туралы хабар берілмейді.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мəзірі түймесін басыңыз.
3. Fax Reports («Факс есеп берулері») түймесін басыңыз.
4. Факс қатесі туралы есеп түймесін түртіп, қолданылатын баспа опциясын түртіңіз.
Факс қатесін түзету режимін орнатыңыз
Əдетте, өнім факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі сигналдарды бақылап
отырады. Егер берілім кезінде өнім қате тапса, жəне қатені түзету параметрі Қосылған болса,
өнім факстің бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін. Қатені түзету үшін зауыттық стандартты мəн
мынадай: Қосылған.
Факсті жіберу немесе қабылдау кезінде қиыншылықтарға кездессеңіз немесе берілімдегі
қателерді қабылдағыңыз келсе ға
на, қатені түзету режимін ажыратуыңыз қажет. Факсті шетелге
жіберу немесе шетелден факс қабылдау кезінде немесе сіз телефон байланысын жер серігі
арқылы пайдалансаңыз, бұл функцияны ажыратып қою пайдалы болуы мүмкін.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
(«Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Қызмет мəзірін түртіңіз.
3. Fax Service («Факс қызметі») мəзірін түртіңіз.
4. Error Correction («Қатені түзету») түймесін, одан кейін Қосылған түймесін басыңыз.
210
Бап 9 Мəселелерді шешу KKWW










