HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Өнім сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін электрондық құрылғылардан қашықта
орналасқандығын тексеріңіз. Көптеген құрылғылар сымсыз сигналға кедергі келтіруі
мүмкін, оның ішінде моторлар, радиотелефондар, қауіпсіздік жүйесінің камералары, басқа
сымсыз желілер жəне кейбір Bluetooth құрылғылары бар.
Компьютерде принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
Дұрыс принтер портын таңдалғанын тексеріңіз.
Компьютер жəне өнім бірдей сымсыз желіге қо
сылғанын тексеріңіз.
Mac OS X жүйесі үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін қолдайтындығын
тексеріңіз.
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін өнім басып
шығармайды
1. Өнімнің қосылғанын жəне оның жұмысқа дайын екенін тексеріңіз.
2. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты желіаралық дидарларды өшіріңіз.
3. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
4. Компьютер дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
5. HP енгізілген веб-серверінің өнімін желідегі компьютерден аша алатындығыңызды
тексеріңіз.
Өнім басып шығармайды жəне компьютерде үшінші тараптың
желіаралық қалқаны орнатылған
1. Желіаралық қалқанды өндірушіде бар ең соңғы жаңартумен жаңартыңыз.
2. Егер бағдарламалар өнімді орнату немесе басып шығару кезінде желіаралық қалқанға кіру
мүмкіндігін сұраса, бағдарламалардың іске қосылуына рұқсат бергеніңізді тексеріңіз.
3. Желіаралық қалқанды уақытша өшіріп, компьютерге сымсыз өнімді орнатыңыз. Сымсыз
орнатуды аяқтағаннан кейін желіаралық қалқанды қосыңыз.
Сымсыз маршрутизатор немесе өнімді жылжытқаннан кейін сымсыз
байланыс жұмыс істемейді
1. Маршрутизатор немесе өнімнің компьютер қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
2. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
3. Компьютер үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
4. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз
орнатуын қайта конфигурациялаңыз.
KKWW
Сымсыз желі ақауларын жою
231