HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Сымсыз өнімге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
1. Басқа компьютерлер сымсыз ауқымда екенін жəне ешбір кедергі сигналды
бұғаттамайтынын тексеріңіз. Көп желілер үшін сымсыз қатынас нүктесінің 30 м асатын
сымсыз ауқымы болады.
2. Өнімнің қосылғанын жəне жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
3. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты желіаралық дидарларды өшіріңіз.
4. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
5. Компьютер дұрыс жұмыс іс
тейтінін тек
серіңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
Сымсыз өнім байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
● Негізі, VPN желісіне жəне басқа желілерге бір уақытта қосыла алмайсыз.
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
● Сымсыз маршрутизатор қосылғанын жəне қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
● Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
1. Желі кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.
2. Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.
3. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пəрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау)
түймесін басып, Запустить (Іске қосу) пəрменін таңдап, cmd деп теріңіз.
ə. Маршрутизатордың IP мек
енжайынан ке
йін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
Mac OS X амалдық жүйесінде желі утилитасын ашып, Ping терезесінің тиісті
жолағына IP мекенжайын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
4. Маршрутизатор немесе өнім компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ə. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау ес
еб
індегі қызмет орнату идентификаторын
(SSID) принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID)
салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз
орнатуын қайта конфигурациялаңыз.
232
Бап 9 Мəселелерді шешу KKWW










