HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Өнімнің басқару тақтасынан сымсыз желі параметрлері туралы ақпаратты беретін диагностика
сынағын іске қосуға болады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
(«Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Өзіндік диагностика мəзірін ашыңыз.
3. Сынақты бастау үшін, Сымсыз желіні тексеру түймешігін түртіңіз. Өнім сынақ нəтижелерін
көрсететін сынақ бетін басып шығарады.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
● Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан,
сондай-ақ микротолқынды жəне сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік
құрылғылардан аулақ ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
● Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған жəне басқа құрылыс құрылымдарынан
аулақ ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сі
ңіріп, сигнал күшін азайтуы мүмкін.
● Сымсыз марштуризаторды желідегі сымсыз өнімдермен бір сызықта ортада
орналастырыңыз.
KKWW
Сымсыз желі ақауларын жою
233










