HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Windows жүйесіндегі өнім бағдарламалық
құралының мəселелерін шешу
Өнімнің принтер драйвері Printer (Принтер) қалтасында көрінбейді
Бағдарламалық құралын орнату барысында экранға қателік жөнінде хабар шығарылды
Өнім «Дайын» режимінде, бірақ ештеңе басып шығарылмайды
Өнімнің принтер драйвері Printer (Принтер) қалтасында көрінбейді
1. Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар
қолданбаны жабу үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Close (Жабу)
немесе Disable (Өшіру) тармағын таңдаңыз.
2. USB кабелін компьютердің басқа USB портына жалғап көріңіз.
Бағдарламалық құралын орнату барысында экранға қателік жөнінде
хабар шығарылды
1. Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар
қолданбаны жабу үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Close (Жабу)
немесе Disable (Өшіру) тармағын таңдаңыз.
2. Өнім бағдарламалық құралын орнататын жетектегі бос орын мөлшерін тексеріңіз. Қажет
болса, мүмкіндігінше көп орын босатып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
3. Қажет болса, Диск дефрагментациясын іске қосып, бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз.
Өнім «Дайын» режимінде, бірақ ештеңе басып шығарылмайды
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, өнімнің жұмысын тексеріңіз.
2. Барлық кабельдердің дұрыс жалғанып, ерекшеліктерге сəйкес екендігін тексеріңіз. Оның
ішіне USB жəне қуат кабельдері кіреді. Жаңа кабель жалғап көріңіз.
3. Конфигурация бетіндегі IP мекенжайы бағдарламалық құрал портындағы IP мекенжайына
сəйкес келетінін тексеріңіз. Төмендегі əрекеттердің біреуін орындаңыз:
Windows XP, Windows Server 2003, Window
s Server 2008 жəне Windows Vista
а. Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз.
ə. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
234
Бап 9 Мəселелерді шешу KKWW