HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Принтер драйвері баспа жəне факс немесе баспа жəне сканерлеу
тізіміндегі таңдалған өнімді автоматты түрде орнатпайды.
1. Кабельдердің дұрыс жалғанғанын жəне өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. Өнімнің .GZ файлының төмендегі қатты диск папкасында екеніне көз жеткізіңіз: Library/
Printers/PPDs/Contents/Resources. Қажет болса, бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз.
3. Егер GZ файлы қалтада болса, онда PPD файлы зақымдалған болуы мүмкін. Файлды
жойып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
4. + түймесін пайдаланып өнімді Print & Fax (Басп
а жəне факс) (Mac OS X v10.7 жүйесінде
Print & Scan (Баспа жəне сканерлеу) тізіміне қосыңыз).
5. USB немесе желі кабелін жоғары сапалы кабельмен алмастырыңыз.
Баспа тапсырмасы қажет өнімге жіберілмеді.
1. Басып шығару кезегін ашып, басып шығару тапсырмасын іске қосыңыз.
2. Атауы бірдей немесе ұқсас басқа өнім басып шығару тапсырмасын алған болуы мүмкін.
Өнімнің атауын тексеру үшін конфигурациялық бетті басып шығарыңыз. Конфигурация
бетіндегі атаудың Басып шығару жəне факс (Mac OS X v10.7 жүйесіндегі Басып шығару
жəне сканерлеу) тізіміндегі өнім атауына сəйкес келетіндігін тексеріңіз.
USB кабелімен жалғаған кезде, драйвер таңдалған соң, өнім «Басып
шығару жəне факс» немесе «Басып шығару жəне сканерлеу» тізімінде
пайда болмайды.
Бағдарламалық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1. Mac амалдық жүйесінің Mac OS X 10.6 немесе одан кейінгі нұсқа екенін тексеріңіз.
2. + түймесін пайдаланып өнімді Print & Fax (Баспа жəне факс) (Mac OS X v10.7 жүйесінде
Print & Scan (Баспа жəне сканерлеу) тізіміне қосыңыз).
Аппараттық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1. Өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. US
B каб
елінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
3. Міндетті түрде тиісті жоғары жылдамдықты USB кабелін пайдаланыңыз.
KKWW
Mac OS X жүйесіндегі өнім бағдарламалық құралының мəселелерін шешу
237










