HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Электрондық поштаға сканерлеу проблемаларын
шешу
Электрондық поштаға сканерлеу проблемалары орын алса, мына шешімдерді пайдаланыңыз:
Осы мүмкіндіктің орнатылғанын тексеріңіз. Егер бұл мүмкіндік орнатылмаса, оны орнату
үшін HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы
бағдарламалық құралындағы орнату шеберін пайдаланыңыз.
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігінің қосылғандығын тексеріңіз. Егер ол
ажыратылған болса, мүмкіндікті HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X
жүйесіне
арналған HP утилитасы бағдарламалық құралы арқылы қосыңыз.
Өнімнің компьютерге немесе желіге қосылғанын тексеріңіз.
Электрондық пошта серверіне қосылу мүмкін емес
SMTP сервері атауының дұрыстығын тексеріңіз. Бұл параметрді жүйе əкімшісінен немесе
Интернет қызметінің провайдерінен тексеріңіз.
Егер өнім SMTP серверіне қауіпсіз қосылымды орната алмаса, қорғалған байланыссыз
пайдаланып көріңіз немесе басқа серверді немесе портты пайдаланыңыз. Бұл параметрді
жүйе əкімшісінен немесе Интернет қызметінің провайдерінен тексеріңіз.
Егер SMTP сервері куəландыруды талап етсе, жарамды пайдаланушы аты ме
н құпия
сөзінің пайдаланылғандығын тексеріңіз.
Егер SMTP сервері қолдау көрсетілмейтін куəландыру əдісін пайдаланса, басқа серверді
пайдаланыңыз. Бұл параметрді жүйе əкімшісінен немесе Интернет қызметінің
провайдерінен тексеріңіз.
Электрондық хат жіберілмеді
Электрондық пошта мекенжайларының дұрыстығын тексеріңіз.
Электрондық хат өлшемі тым үлкен болса, азырақ беттерді жіберіңіз немесе сканерлеу
ажыратымдылығын азайтыңыз.
Сканерлеу мүмкін емес
PIN кодын енгізу сұралса, шығыс профилі үшін дұрыс PIN кодын енгізіңіз.
Алушы өрісінде кемінде бір электрондық пошта мекенжайының таңдалғанын тексеріңіз.
KKWW
Электрондық поштаға сканерлеу проблемаларын шешу
241