HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Желі қалтасына сканерлеу проблемаларын шешу
Желі қалтасына сканерлеу проблемалары орын алса, мына шешімдерді пайдаланыңыз:
Осы мүмкіндіктің орнатылғанын тексеріңіз. Егер бұл мүмкіндік орнатылмаса, оны орнату
үшін HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы
бағдарламалық құралындағы орнату шеберін пайдаланыңыз.
Желі қалтасына сканерлеу мүмкіндігінің қосылғандығын тексеріңіз. Егер ол ажыратылған
болса, мүмкіндікті HP Device Toolbox (Windows) неме
се Mac OS X жүйесіне арналған
HP утилитасы бағдарламалық құралы арқылы қосыңыз.
Өнімнің желіге қосылғандығын тексеріңіз.
Желідегі қалтаға сканерлеу мүмкіндігінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін
HP құрылғысының құралдар жинағының (Windows) немесе HP утилитасының (Mac OS X)
«Sca (Сканерлеу) қойындысындағы тесттік параметрді пайдаланыңыз.
Сканерлеу орындалмады
Желі жолының дұрыс пішімде (//host/share/path) екендігін жəне қалтаның бар болуын
тексеріңіз.
Желі каталогында оқуға жəне жазуға болатындығын тексеріңіз.
Сканерленген құжаттар үшін əдепкі файл атауларын пайдалансаңыз, онда қайшылықты
атаулардың жоқтығын тексеріңіз. Бұрын сканерленген құжаттардың біразын жойыңыз.
Басты компьютер атауының орнына IP мекенжайын пайдаланыңыз. Өнім мен басты
компьютердің бірдей желіге қосылғандығын тексеріңіз.
Ег
ер желі қалтасы құпия сөзбен қорғалса, міндетті түрде дұрыс пайдаланушы аты мен
құпия сөзін енгізіңіз.
Егер Диск толы хабары көрсетілсе, желі қалтасынан біраз файлды жойыңыз.
Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз. Қайтадан сканерлеңіз.
242
Бап 9 Мəселелерді шешу KKWW