HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Тонер картриджді шамаланған пайдалану мерзімінің
соңына жақындағанда басып шығару
Қара түсті картридж деңгейі төмен: Өнім тонер картриджінің деңгейі төмен екенін көрсетеді.
Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі əртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы
нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Тонер картриджін
əзірше ауыстыру қажет емес.
Қара түсті картридж деңгейі өте төмен: Өнім тонер картриджінің деңгейі өте төмен екенін
көрсетеді. Тонер ка
ртриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі əртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы
нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Басып шығару сапасы
жарамды деңгейде болса, тонер картриджін əзірше ауыстырудың қажеті жоқ.
HP тонер картриджі «өте төмен» деңгейге жеткенде, HP компаниясының тонер картрижіне
арналған басты қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады.
Жабдықтар Very Low (Өте тө
мен) деңгейге жеткенде өнім орындайтын əрекеттерді өзгертуге
болады. Осы параметрлерді жаңа тонер картриджін орнатқанда қайта орнатудың қажеті жоқ.
Өте төмен параметрін қосу немесе өшіру
Əдепкі параметрлерді кез келген уақытта қосуға немесе өшіруге болады, сондай-ақ жаңа тонер
картриджін салғанда оларды қайта қосу қажет емес.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
(«Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
● Жүйені орнату
●
Жабдық параметрлері
●
Қара түс картриджі
● Өте төмен параметрі
3. Келесінің бірін таңдаңыз:
● Өнімді тонер картриджі өте төмен деңгейде екенін ескертетін, бірақ басып шығаруды
жалғастыратын етіп орнату үшін Жалғастыру опциясын таңдаңыз.
●
Тонер картриджі ауыстырылғанша өнімді басып шығаруды тоқтататын етіп (баспа
факстарымен бі
рг
е) орнату үшін Тоқтату опциясын таңдаңыз.
● Өнімді басып шығаруды тоқтататын (факстерді басып шығаруды қоса) жəне тонер
картриджін ауыстыру туралы ескертетін етіп орнату үшін, Кеңес опциясын таңдаңыз.
Ұсынысты қабылдап, басып шығаруды жалғастыруға болады. Бұл өнімдегі
пайдаланушы өзгерте алатын опция — «Prompt to Remind Me in 100 pages, 200 pages,
300 pages, 40
0 pages, or never» (100 беттен, 200 беттен, 300 беттен, 400 беттен
кейін есіме салу немесе ешқашан есіме салмау). Бұл опция пайдаланушы
ыңғайлылығы үшін қамтамасыз етілген жəне осы беттердің қанағаттандырарлық
сапамен басылып шығатынын білдірмейді.
KKWW
Тонер картриджді шамаланған пайдалану мерзімінің соңына жақындағанда басып
шығару
29










