HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Тонер картриджі туралы ақпарат
Сыйымдылығы Картридж нөмірі Бөлшек нөмірі
Стандартты сыйымдылықты
алмастырмалы қара тонер картриджі
55A CE255A
Жоғары сыйымдылықты
алмастырмалы қара тонер картриджі
55X CE255X
Жабдықтар туралы толық ақпаратты www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабынан қараңыз.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Жаңартылған жабдықтар туралы
мəліметтер алу үшін,
www.hp.com/support/ljmfpM521series торабына өтіңіз.
Тонер картриджін өңдеу
Шынайы HP тонер картриджін қайта өңдеу үшін пайдаланылған картриджді жаңа картридж
келген қорапқа салыңыз. Пайдаланылған жабдықты HP компаниясына қайта өңдеуге жіберу
үшін ашылған қайтару жапсырмасын пайдаланыңыз. Толық ақпарат алу үшін əр жаңа НР
жабдығымен жеткізілетін қайта өңдеу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Тонер картриджін сақтау
Тонер картриджін пайдаланбайынша орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджіне зақым келтірмеу үшін оны жарықта бірнеше минуттан көп
ұстамаңыз.
HP шығармаған тонер картридждеріне қатысты HP саясаты
Hewlett-Packard компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған тонер
картридждерін пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРІМ: HP шығармаған тонер картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір
зақымдану HP кепілдік жəне қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
KKWW
Тонер картриджі
35