HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгерту (Mac
OS X)
Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгертуге арналған басымдық
Бағдарламалық құрал жабылғанша принтердің барлық тапсырмаларының параметрлерін
өзгерту
Принтердің барлық тапсырмаларының стандартты параметрлерін өзгерту
Өнім конфигурациясының параметрлерін өзгерту
Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгертуге арналған басымдық
Баспа параметрлеріне енгізілетін өзгерістердің басымдықтары өзгерістердің енетін жерлеріне
қарай белгіленеді:
ЕСКЕРІМ: Пəрмендер мен тілқатысу терезелерінің атаулары сіздегі бағдарламалық құралдың
түріне қарай басқаша болуы мүмкін.
Page Setup (Бет параметрлері) тілқатысу терезесі: Осы тілқатысу терезесін ашу үшін,
сіз жұмыс істеп отырған бағдарламаның File (Файл) мəзірінен Page Setup (Бет
параметрлері) немесе оған ұқсас бір пəрменді таңдаңыз. Осы жерде өзгертілген
параметрлер кез келген басқа жерде өзгертілген параметрлердің күшін жояды.
Print (Басып шығару) тілқатысу терезесі: Осы тілқатысу тере
зесін ашу үшін, сіз жұмыс
істеп отырған бағдарламаның File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару), Print Setup
(Баспа параметрлері) немесе оған ұқсас бір пəрменді таңдаңыз. Print тілқатысу
терезесінде енгізілген өзгерістердің басымдығы төмен болады жəне Page Setup (Бет
параметрлері) тілқатысу терезесінде енгізілген өзгерістердің күшін жоймайды.
Əдепкі принтер драйверінің па
раметрлері: Əдепкі принтер драйверінің
параметрлерінде Page Setup (Бет параметрлері), Print (Басып шығару) немесе Printer
Properties (Принтердің сипаттары) тілқатысу терезелерінде өзгертілген параметрлерден
басқа барлық баспа тапсырмаларында қолданылатын параметрлер анықталады.
Өнімнің басқару тақтасының параметрлері: Өнімнің басқару тақтасында өзгертілген
параметрлердің басымдығы басқа жерлерде енгізілген өзгерістерден төмен болады.
Бағдарламалық құрал жабылғанша принтердің барлық
тапсырмаларының параметрлерін өзгерту
1. Файл мəзірін басып, Басып шығару опциясын басыңыз.
2. Принтер мəзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Əдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді.
Мəзірлердің ашылмалы тізімін ашыңыз да, басып шығару параметрлерін өзгерту керек
мəзірді ашыңыз.
44
Бап 4 Басып шығару KKWW