HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

3. Əдепкіде принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді. Мəзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Су таңбалары мəзірін басыңыз.
4. Режим мəзірінде Су таңбасы опциясын таңдаңыз.
5. беттер ашылмалы тізімінен субелгісін барлық беттерде немесе тек бірінші бетте басып
шығаруды таңдаңыз.
6. Мəтін ашылмалы тізімінен стандартты хабарлардың біреуін таңдаңыз немесе Арнаулы
опциясын таңдап, жолақта жа
ңа хабарды теріңіз.
7. Қалған параметрлер үшін опцияларды таңдаңыз.
8. Басып шығару түймесін басыңыз.
Басып шығару тапсырмасын тоқтату (Mac OS X)
1. Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасындағы
Cancel
Бас тарту») түймешігін басу арқылы тоқтатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Баспа тапсырмасының өңделу реті жақындамаса, одан бас тарту опциясы
болмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Cancel Бас тарту») түймешігі басылғанда өнімдегі орындалып жатқан
баспа тапсырмасы тоқтайды. Бірнеше басып шығару тапсырмасы күтіп тұрса, Cancel
Бас тарту») түймесі басылғанда өнімнің басқару тақтасындағы ағымдағы көрсетіліп
тұрған басып шығару тапсырмасы өшіріледі.
2. Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару
тапсырмаларының кезегінен де тоқтатуға болады.
Software program (Бағдарлама): Əдетте компьютер экранында диалог терезесі
қысқа уақыт көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.
Mac жүйесіндегі баспа реті: Панельдегі өнім белгішесін екі рет басу арқылы баспа
тапсырмаларының кезегін ашыңыз. Баспа тапсырмасын таңдаңыз, со
дан кейін Delete
(Жою) түймесін басыңыз.
KKWW
Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X)
77