2011x / 2011s / 2011xi 2211f / 2211x 2311cm / 2311f / 2311x / 2311xi 2511x 2711x Liquid Crystal Monitors User's Guide
4. Монитор моделінің нөмірін енгізіңіз. Мониторыңыз үшін бағдарламаны жүктеу беттері
көрсетіледі.
5. Жүктеу беттеріндегі нұсқауларды орындап драйвер жəне бағдарлама файлдарын
қотарып, орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жүйенің талаптарға сай екеніне көз жеткізіңіз.
Алдыңғы тақтаның басқару элементтері
Басқару түймелері (белгішелермен көрсетілген) монитордың төменгі оң жағында орналасқан.
Түйме Белгіше Сипаттама
Жылдам көру
Көріп жатқан мазмұн үшін қолайлы көру режимін таңдауға болатын
экрандық тез көру мəзірін ашады.
Минус
Экрандық мəзірмен артқа өту жəне реттелетін параметр деңгейін азайту.
Көз
Компьютерден бейне кіріс көзін таңдайды. 2011s үлгісінде
жабдықталмаған.
Плюс
Экрандық мəзірмен алға өту жəне реттелетін параметр деңгейін көбейту.
Автореттеу
Экран кескінін автоматты түрде реттеу үшін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұл элементті тек VGA кіріс сигналымен бірге пайдалануға
болады.
OK
Экрандық мəзірде таңдалған опцияға кіру.
Мəзір
Экрандық мəзірді ашады, таңдайды немесе одан шығады.
ЕСКЕРІМ: Мəзір түймесін 10 секунд бойы басу қалған экрандық мəзір
түймелерінің жұмысын өшіреді. Оны қайтадан 10 секунд бойы басу
функцияны қайта қосады.
Қуат
Мониторды қосады немесе өшіреді. Қуат түймесі монитордың төменгі оң
жағында орналасқан.
ЕСКЕРІМ: Қуат түймесін 10 секунд бойы басу қуат түймесінің жұмысын
өшіреді. Оны қайтадан 10 секунд бойы басу функцияны қайта қосады.
Дисплей параметрлері мəзірін (OSD) пайдалану
Экрандағы кескінді өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеу үшін экрандық мəзірді пайдаланыңыз.
Экрандық мəзірге кіру үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Экрандық мəзір мониторда көрілетін кемінде бір белсенді бейне кірісі болғанда қол
жетімді болады.
1. Егер монитор əлі қосылмаған болса, оны қосу үшін Қуат түймесін басыңыз.
2. Экрандық мəзірге кіру үшін Мəзір түймесін басыңыз. Негізгі экрандық мəзір көрсетіледі.
18
Бап 4 Мониторды пайдалану










