2011x / 2011s / 2011xi 2211f / 2211x 2311cm / 2311f / 2311x / 2311xi 2511x 2711x Liquid Crystal Monitors User's Guide

Қуат сымдарының жиынтығына қойылатын талаптар
Монитордың қуат көзінде қуат кернеуін автоматты түрде ауыстыру (ALS) функциясы бар. Бұл
функция мониторға 100-120В немесе 200-240В арасындағы кіріс кернеулерді жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.
Монитормен бірге алған қуат сымы (иілгіш кабель немесе розетка) жабдықты сатып алған елде
пайдалану талаптарына сай келеді.
Басқа ел үшін қуат сымын алу керек болса,
сол елде пайдалану үшін бекітілген қуат сымын
сатып алыңыз.
Қуат сымы монитормен үйлесімді болуы жəне сəйкес өнім белгілеуінде көрсетілген кернеу
жəне ток параметрлеріне сай болуы керек. Сымның кернеу жəне ток параметрлерінің мəндері
өнімнің белгілеуінде көрсетілген кернеу жəне ток параметрлерінен жоғары болуы керек. Бұған
қоса, сымның қимасы кемінде 0,75 мм² немесе 18
AWG болуы керек, ал ұзындығы 1,8 м мен
3,6 м арасында болуы керек. Егер пайдаланылатын қуат сымының түрі туралы сұрақтарыңыз
болса, өкілетті HP қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Қуат сымын оның үстінен жүрмейтіндей не үстіне немесе жанына қойылған заттар
қыспайтындай өткізу керек. Ашаға, электр розеткасына жəне сым өнімнен шығатын жерге
ерекше көңіл
бөлу керек.
Жапондық қуат сымына қойылатын талаптар
Жапонияда тек өніммен бірге келген қуат сымын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Осы өніммен бірге алған қуат сымын басқа ешбір өнімдерде пайдаланбаңыз.
Өнімнің қоршаған ортаға əсері туралы мəлімдемелер
ENERGY STAR® куəлігі
ENERGY STAR® куəліктендіру белгісі бар HP мониторлары АҚШ қоршаған ортаны қорғау
агенттігінің (EPA) ENERGY STAR бағдарламасының талаптарына сай келеді. EPA ENERGY STAR®
куəліктендіру белгісі EPA агенттігінің бекітуі бар екенін тұспалдамайды. ENERGY STAR серіктесі
ретінде Hewlett-Packard компаниясы бұл өнімнің ENERGY STAR® бағдарламасының дисплейдің
қуатты үнемдеу талаптарына сай келетінін анықтады.
Келесі логотип барлық ENERGY
STAR® талаптарына сай компьютерлерде болады.
Дисплейлер мен компьютерлерге арналған ENERGY STAR® бағдарламасын EPA агенттігі
үйлерде, кеңселерде жəне зауыттарда қуатты көбірек үнемдейтін жабдықтарды пайдалану
Қуат сымдарының жиынтығына қойылатын талаптар
37