2011x / 2011s / 2011xi 2211f / 2211x 2311cm / 2311f / 2311x / 2311xi 2511x 2711x Liquid Crystal Monitors User's Guide
2
Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет
көрсету туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, қуат көзі мен қосылым
осы мониторға сай екенін тексеріңіз. Монитормен бірге пайдаланылатын дұрыс қуат сымы
жинағы туралы ақпарат алу үшін
Қуат сымдарының жиынтығына қойылатын
талаптар 37-бетте бөлімін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін:
Қуат сымы ашасының жерге қосу контактісін ажыратпаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік
бөлшегі Қуат сымының ашасын жерге қосылған розеткаға қосыңыз.
• Қуат сымын əрқашан жетімді орналасқан жерлік тоқ көзіне қосыңыз.
• Жабдықты қуат көзінен ажырату үшін қуат сымының ашасын электр розеткасынан
шығарып
алыңыз.
Қауіпсіздікті сақтау үшін қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне ештеңе қоймаңыз.
Оларды ешкім кездейсоқ баспайтындай етіп немесе оларға шалынбайтындай етіп реттеңіз.
Сымнан немесе кабельден ұстап тартпаңыз. Электр розеткасынан ажыратқанда сымды
ашасынан ұстаңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін Қауіпсіз жəне ыңғайлы жұмыс туралы нұсқаулықты оқып
шығыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы
, орнату, дұрыс қалыпты сақтау жəне компьютер
пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау мен дұрыс жұмыс істеу ережелері сипатталған,
сонымен қатар, электр жəне механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген. Бұл
нұсқаулық интернетте
www.hp.com/ergo мекенжайында жəне қатты дискіде немесе өніммен
бірге келген құжаттама ықшам дискісінде орналасқан.
ЕСКЕРТУ: Мониторды, сондай-ақ, компьютерді қорғау үшін барлық компьютердің жəне басқа
перифериялы құрылғылардың (мысалы, монитор, принтер, сканер) қуат сымдарын қандай да
бір кернеу ауытқуларынан қорғау құрылғыларына қосыңыз, мысалы, желілік сүзгілерге немесе
үздіксіз қуат көздері (ҮҚК). Кернеу ауытқуларынан барлық желілік сүзгілер қорғамайды; желілік
сүзгілерде осындай мүмкіндік бар деген
арнайы жапсырма болуы керек. Зақымдалған
жағдайда ауыстыру саясатын қолданатын жəне кернеу ауытқуларынан қорғамаған жағдайда
жабдықты ауыстыруға кепілдік беретін өндірушінің желілік сүзгісін пайдаланыңыз.
HP СКД мониторды орнату үшін тиісті, дұрыс өлшемді жиһазды пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Комодтарда, кітап сөрелерінде, сөрелерде, үстелдерде, дауыс
зорайтқыштарда, жəшіктерде немесе қораптарда дұрыс емес орнатылған СКД мониторлар
құлап, жарақаттар алуға əкелуі мүмкін.
СКД мониторға қосатын барлық сымдарды жəне кабельдерді өткізгенде оларды қыспау, баспау
немесе оларға шалынбау үшін аса сақ болу керек.
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
3










