Printer Reference Guide
HP Deskjet Ink Advantage 3540 e-All-in-One Series
Жұмысқа кіріскенде
1. Принтерді орнату: Орнату үнпарағындағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Бағдарламалық құралды орнату: www.hp.com/ePrint/DJ3540 сайтына өтіп, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз. Егер компьютеріңіз интернетке қосылмаған болса, бағдарламалық құралдың ықшам дискісін
компьютерге енгізіңіз, содан соң экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ықшам диск іске қосылмайды ма?
Windows
®
: Компьютерге өтіп, HP логотипі бар CD/DVD дискіенгізгінің белгішесін екі рет басыңыз, содан
соң setup.exe файлын екі рет басыңыз.
Mас: Жұмыс үстеліңіздегі CD белгішесін екі рет басыңыз, содан соң HP орнатушысын екі рет басыңыз.
CD/DVD дискіенгізгісі жоқ па?
Бағдарламалық жасақтаманы орнатыңыз: www.hp.com/ePrint/DJ3540.
Қосымша мәліметтер
Электрондық анықтама: Электрондық анықтаманы бағдарламалық жасақтаманы орнату кезінде ұсынылған
бағдарламалық жасақтамадан таңдау арқылы орнатыңыз. Өнім мүмкіндіктері, басып шығару, ақауды жою және
қолдау көрсету туралы қосымша мәлімет алыңыз. Техникалық ақпарат бөлімінен хабарламаларды, қоршаған
орта туралы және нормативтік ақпаратты, сондай-ақ, Еуропалық Одақ нормативтік хабарламасы мен келісім
мәлімдемелерін табыңыз.
• Windows
®
8: Пуск (Бастау) экранында, экранның бос жеріне тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарлама
тақтасындағы Все программы (Барлық бағдарламалар) бөлімін басып, принтер атауы бар белгішені
басыңыз, содан соң Справка (Анықтама) түймесін басыңыз.
• Windows
®
7, Windows Vista
®
және Windows
®
XP: Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > HP > HP Deskjet 3540 series > Справка (Анықтама) тармақтарын басыңыз.
• OS X Lion, Mountain Lion: Справка (Анықтама) > Анықтама орталығы түймесін басыңыз. Анықтаманы
қарап шығу құралы терезесіндегі Барлық бағдарламаларға арналған анықтама түймесін басыңыз,
содан соң HP Deskjet 3540 series түймесін басыңыз.
• OS X v10.6: Справка (Анықтама) > Справка Mac (Мас анықтамасы) түймесін басыңыз. Анықтаманы
қарап шығу құралы терезесіндегі Mac анықтамасы қалқымалы мәзірінен HP Deskjet 3540 series сериясын
таңдаңыз.
Readme файлы: HP қолдау көрсету ақпаратын, операциялық жүйе талаптарын және соңғы принтер жаңартуларын
қамтиды.
• Windows: Бағдарламалық құралдың ықшам дискісін компьютерге енгізіп, ReadMe.chm файлын шолыңыз.
ReadMe.chm файлын екі рет басып ашыңыз да, қажетті тілдегі ReadMe файлын таңдаңыз.
• Mас: Бағдарламалық құралдың ықшам дискісін енгізіп, бағдарламалық құралдың ықшам дискісінің жоғарғы
деңгейінде орналасқан ReadMe қалтасын ашыңыз. ReadMe.html файлын екі рет басып ашыңыз да,
қажетті тілдегі ReadMe файлын таңдаңыз.
Интернетте: Қосымша анықтама мен ақпарат: www.hp.com/go/support. Принтерді тіркеу: www.register.hp.com.
Сәйкестік мәлімдемесі: www.hp.eu/certicates. Сияны пайдалану: www.hp.com/go/inkusage.
Ескертпе: Картридждердегі сия басып шығару процесінде әр түрлі жолдармен пайдаланылады және
пайдаланылғаннан кейін сияның аз мөлшердегі қалдығы картриджде қалады.
Қазақша










