Printer Reference Guide

40
Желіде
Желі анықтамасы қажет пе?
www.hp.com/go/wirelessprinting
www.hp.com/go/wirelessprinting сайтындағы HP сымсыз басып шығару орталығы сымсыз желіні
дайындауға, принтерді реттеуге немесе қайта конфигурациялауға және желі проблемаларын жоюға
көмектеседі.
Егер желі орнату әрекеті сәтсіз аяқталса:
Принтерде сымсыз байланыс функциясы қосулы екенін растаңыз.
Принтердің басқару тақтасында Сымсыз байланыс түймесін басыңыз (
), егер Сымсыз байланыс өшірулі
хабары көрсетілсе, Қосу пәрменін таңдаңыз.
Принтер желіге қосулы екенін растаңыз.
1. Принтердің басқару тақтасында Сымсыз байланыс түймесін басыңыз (
).
2. Сымсыз байланыс параметрлері мәзіріне кіру үшін Параметрлер тармағын таңдаңыз.
3. Төмен көрсеткі түймесін басып, Басып шығару есебі тармағын таңдаңыз, содан соң Сымсыз байланысты
тексеру есебі бөлімін таңдаңыз. Сымсыз байланысты тексеру есебі автоматты түрде басып шығарылады.
4. Желі бөліктері сынақтан сәтті өткендігін тексеру үшін есептің үстіңгі бөлігін тексеріңіз.
Жүргізілген барлық сынақтарға арналған Диагностика нәтижелері бөлімін қараңыз және принтер
сынақты сәтті өткенін тексеріңіз.
Ағымдағы конфигурация бөлімінде принтер қазіргі уақытта қосылған желі атауын (SSID) табыңыз.
Принтердің компьютермен бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
Ескертпе: Егер компьютер Виртуалды жеке желісіне (VPN) қосылған болса, орнатым процесін бастамай
тұрып, оны VPN желісінен уақытша ажыратыңыз. Орнатым аяқталғаннан кейін принтерге үй желісі арқылы
кіру үшін VPN желісін ажырату қажет.
Қауіпсіздік бағдарламалық құралы желі бойынша байланысты блоктамағанын тексеріңіз.
Брандмауэр сияқты қауіпсіздік бағдарламалық құралы орнатым желі арқылы орындалып жатқанда компьютер
мен принтердің арасындағы байланысты блоктай алады. Егер принтер табылмаса, брандмауэрді уақытша
өшіріп, проблема шешілгендігін тексеріңіз. Қауіпсіздік бағдарламалық құралы бойынша қосымша ақпарат пен
кеңестерді алу үшін мына сайтқа өтіңіз: www.hp.com/go/wpc-rewall.
Принтер сәтті орнатылғаннан кейін:
Принтерді желіде бірнеше компьютер арасында ортақ пайдаланыңыз.
Егер принтер үй желісіне бұрыннан қосылған болса, онда принтерді осы желідегі басқа компьютерлермен
ортақ пайдалана аласыз. Әрбір қосымша компьютерге HP принтерінің бағдарламалық құралын орнату
қажет. Бағдарламалық құрал орнатылып жатқанда Байланыс опциялары экранындағы Сымсыз байланыс
тармағын таңдаңыз, содан соң экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қазақша