Printer Reference Guide

41
Принтерді маршрутизаторсыз сымсыз пайдаланғыңыз келсе.
Маршрутизаторсыз сымсыз басып шығару үшін компьютеріңізден, смартфоныңыздан немесе басқа сымсыз
қосылған құрылғыдан HP сымсыз бағыт мүмкіндігін пайдаланыңыз. HP сымсыз бағыт мүмкіндігін компьютерден
пайдалану үшін компьютерде принтердің бағдарламалық құралы орнатылған болуы қажет.
1. Принтердің басқару тақтасынан HP сымсыз бағыт мүмкіндігін қосу:
a. Принтер дисплейіндегі Басты экраннан Беспроводное направление (Сымсыз бағыт) мүмкіндігін таңдаңыз.
b. Егер дисплей Беспроводное направление (Сымсыз бағыт) өшірулі күйде екенін көрсетсе, онда
Беспроводное направление (Сымсыз бағыт) бөлімін таңдап, Включен (Есть опасность) (Қосулы
(Қауіпті)) немесе Включен (Безопасно) (Қосулы (Қауіпсіз)) параметрін таңдаңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздікті қоссаңыз, құпия сөзі бар пайдаланушылар ғана принтерге сымсыз байланыс
арқылы қосыла алады. Егер қауіпсіздікті өшірсеңіз, принтердің ауқымындағы сымсыз байланыс
құрылғысымен отырған кез келген адам принтерге қосыла алады.
c. Сымсыз бағыт атауын көрсету үшін Атауды көрсету параметрін таңдаңыз.
d. Сымсыз бағыт қауіпсіздігі қосылған болса, Сымсыз бағыттың құпия сөзін көрсету үшін Құпия сөзді көрсету
параметрін таңдаңыз.
2. Сымсыз қосылған құрылғыны принтерге қосыңыз.
a. Сымсыз компьютерден немесе мобильді құрылғыдан сымсыз байланыс мүмкіндігін қосыңыз.
b. Іздеп, сымсыз бағыт атауына қосылыңыз, мысалы: HP-Print-XX-Deskjet 3540 series.
c. Егер Сымсыз бағыт қауіпсіздігі қосылған болса, сұралғанда сымсыз бағыт құпия сөзін енгізіңіз.
3. Компьютерден немесе мобильді құрылғыдан әдеттегідей басып шығарыңыз.
Ескертпе: HP сымсыз бағыт байланысы интернет байланысын қамтамасыз етпейді.
HP сымсыз бағыт туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/wirelessprinting сайтындағы HP сымсыз
басып шығару орталығына кіріңіз.
USB байланысын сымсыз байланысқа ауыстырыңыз.
Принтердің бағдарламалық құралын сәтті орнатқан боларсыз.
Windows
1. Операциялық жүйеге байланысты келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 8: Пуск (Бастау) экранындағы бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарлама
тақтасындағы Все программы (Барлық бағдарламалар) түймесін басыңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің Пуск (Бастау) мәзірінен Все программы
(Барлық бағдарламалар) немесе Программы (Бағдарламалар) бөлімін таңдап, HP тармағын таңдаңыз.
2. HP Deskjet 3540 series сериясын таңдаңыз.
3. Принтерді орнату және бағдарламалық құрал параметрін таңдаңыз.
4. Изменить USB-подключение принтера на беспроводное (Принтердің USB байланысын сымсыз
байланысқа ауыстыру) тармағын таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Mac
Принтердің бағдарламалық құрал байланысын сымсыз байланыс түріне өзгерту үшін Бағдарламалар/
Hewlett-Packard/Құрылғылар утилиталары тармақтарындағы НР орнату көмекшісін пайдаланыңыз.
Егер желі арқылы басып шығаруда проблемалар пайда болса.
Брандмауэр сияқты қауіпсіздік бағдарламалық құралы компьютер мен принтердің арасындағы байланысты
блоктай алады. Қауіпсіздік бағдарламалық құралы бойынша қосымша ақпарат пен кеңестерді алу үшін мына
сайтқа өтіңіз: www.hp.com/go/wpc-rewall.
Желі байланысы жалғасады
Қазақша