product management

Жалғыз картридж күйін пайдалану
HP Deskjet 3540 series принтерін бір сия картриджімен ғана пайдалану үшін жалғыз картриджді
режимді пайдаланыңыз. Сия картриджі сия картриджінің орнынан шығарылған кезде, жалғыз
картриджді режим іске қосылады.
ЕСКЕРІМ: HP Deskjet 3540 series принтері жалғыз картриджді режимде жұмыс істегенде,
дисплейде хабар көрсетіледі. Хабар көрсетілсе және принтерге екі басып шығару картриджі
орнатылса, пластикалық таспаның қорғаныш бөлігінің басып шығару картриджінен алынғанын
тексеріңіз. Пластик таспа сия картриджінің түйіспе беттерін жауып қалса, принтер орнатылған
сия картриджін анықтай алмайды.
Жалғыз картриджді режимнен шығу
Жалғыз картриджді режимінен шығу үшін қара жəне үш түсті картридждарды HP Deskjet
3540 series құрылғысына бірдей орнатыңыз.
KKWW Жалғыз картридж күйін пайдалану
51