Printer Reference Guide
HP Deskjet Ink Advantage 2540 All-in-One Series
Жұмысты бастау
1. Принтерді орнату: Орнату үнпарағындағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
2. Бағдарламалық құралды орнату: HP бағдарлама құралының ықшам дискісін компьютеріңізге енгізіп,
экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Ықшам диск іске қосылмайды ма?
Windows
®
: Компьютерге өтіп, HP логотипі бар CD/DVD дискіенгізгісі белгішесін екі рет басыңыз, содан
соң setup.exe түймесін екі рет басыңыз.
Mас: Жұмыс үстеліңіздегі CD белгішесін екі рет басыңыз, содан соң HP орнатушысын түймесін екі рет
басыңыз.
CD/DVD дискіенгізгісі жоқ па?
Бағдарламалық құралды орнатыңыз: www.hp.com/ePrint/DJ2540.
Қосымша мәліметтер алу
Электрондық анықтама: Электрондық анықтаманы бағдарламалық құралды орнату кезінде ұсынылған
бағдарламалық құралдан таңдау арқылы орнатыңыз. Өнім мүмкіндіктері, басып шығару, ақауды жою және
қолдау көрсету туралы қосымша мәліметтер алыңыз. Техникалық ақпарат бөлімінен хабарламаларды,
қоршаған орта туралы және нормативтік ақпаратты, сондай-ақ Еуропалық Одақ нормативтік хабарламасы
мен келісім мәлімдемелерін табыңыз.
• Windows
®
8: Пуск (Бастау) экранында, экранның бос жеріне тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарлама
тақтасындағы Все программы (Барлық бағдарламалар) бөлімін басып, принтер атауы бар белгішені
басыңыз, содан соң Справка (Анықтама) түймесін басыңыз.
• Windows
®
7, Windows Vista
®
және Windows
®
XP: Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > HP > HP Deskjet 2540 series > Справка (Анықтама) тармақтарын таңдаңыз.
• OS X Mountain Lion, Lion: Справка (Анықтама) > Анықтама орталығы түймесін басыңыз. Анықтаманы
қарап шығу құралы терезесіндегі Барлық бағдарламаларға арналған анықтама түймесін басып,
HP Deskjet 2540 series түймесін басыңыз.
• OS X v10.6: Справка (Анықтама) > Справка Mac (Мас анықтамасы) түймесін басыңыз. Анықтаманы қарап
шығу құралы терезесінде HP Deskjet 2540 series Mac анықтамасы қалқымалы мәзірінен таңдаңыз.
Readme файлы: HP қолдау көрсету ақпаратын, операциялық жүйе талаптарын және соңғы принтер
жаңартуларын қамтиды.
• Windows: Бағдарламалық құралдың ықшам дискісін компьютерге енгізіп, ReadMe.chm файлын
шолыңыз. ReadMe.chm файлын екі рет басып ашыңыз да, тіліңіздегі ReadMe файлын таңдаңыз.
• Mас: Бағдарламалық құралы бар ықшам дискіні салып, ықшам дискідегі каталогтардың жоғарғы
деңгейінде орналасқан ReadMe қалтасын ашыңыз. ReadMe.html файлын екі рет басып ашыңыз да,
тіліңіздегі ReadMe файлын таңдаңыз.
Интернетте: Қосымша анықтама мен ақпарат: www.hp.com/go/support. Принтерді тіркеу: www.register.hp.com.
Сәйкестік мәлімдемесі: www.hp.eu/certicates. Сияны пайдалану: www.hp.com/go/inkusage.
Ескертпе: Картридждердегі сия басып шығару процесінде әр түрлі жолдармен пайдаланылады және
пайдаланылғаннан кейін сияның аз мөлшердегі қалдығы картриджде қалады.
Ескертпе: HP компаниясы қамтамасыз ететін қуат сымы мен қуат адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Қазақша










