Printer Reference Guide
39
Негізгі ақауларды жою
Егер басып шығару мүмкін болмаса:
1. Кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
2. Принтердің қуат көзіне жалғанғанын тексеріңіз. Вкл (Қосу) түймесі ақ түспен жанады.
3. Назар аударыңыз шамы мен Картридж шамдары жыпылықтаса, картриджге кіру есігінің жабылғандығына
көз жеткізіңіз.
4. Принтердің желіге қосылғанына көз жеткізу үшін сымсыз байланыс күйінің шамын тексеріңіз.
• Тұрақты көк шам сымсыз байланыс орнатылғанын және басып шығаруға болатынын көрсетеді.
• Жыпылықтап тұрған шам сымсыз байланыс қосулы екенін, бірақ принтердің желіге қосылмағанын
көрсетеді. Принтердің сымсыз байланыс сигналының ауқымында орналасқандығын тексеріңіз.
• Егер сымсыз байланыс өшірілсе, сымсыз байланыс күйінің шамы өшірулі болады.
Жиі пайда болатын принтердегі ақауларды түзету үшін пайдалануға болатын тегін диагностикалық утилиталарды
жүктеу үшін HP компаниясының диагностикалық құралдары туралы www.hp.com/go/tools веб-сайтына кіріңіз.
MacWindows
Принтер әдепкі басып шығару құрылғысы ретінде
орнатылғанын тексеріңіз:
• Windows 8: Белгішелер жолағын ашу үшін
экранның жоғарғы оң жақ бұрышына нұсқаңыз
немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басып,
Басқару тақтасы түймесін басыңыз немесе
түртіңіз, сонан соң Құрылғылар мен принтерлерді
көру пәрменін басыңыз немесе түртіңіз.
• Windows 7: Windows жүйесінің Пуск (Бастау)
мәзірінен Устройства и принтеры (Құрылғылар
және принтерлер) бөлімін басыңыз.
• Windows Vista: Windows жүйесінің тапсырмалар
тақтасындағы Пуск (Бастау), Панель управления
(Басқару тақтасы), Принтер тармақтарын басыңыз.
• Windows XP: Windows жүйесінің тапсырмалар
тақтасындағы Пуск (Бастау), Панель управления
(Басқару тақтасы), Принтеры и факсы
(Принтерлер және факстар) тармақтарын басыңыз.
Егер басып шығару әлі де мүмкін болмаса,
бағдарламалық құралды жойып, оны қайта
орнатыңыз:
Ескертпе: Жою құралы құрылғыға сәйкес НР
бағдарламалық құрал бөліктерінің барлығын жояды.
Ол басқа өнімдерде немесе бағдарламаларда ортақ
пайдаланылатын компоненттерді жоймайды.
Бағдарламалық құралды жою:
1. HP принтерін компьютерден ажыратыңыз.
2. Приложения (Бағдарламалар): Hewlett-Packard
қалтасын ашыңыз.
3. Деинсталлятор HP (НР бағдарламасын жою
құралы) белгішесін екі рет басыңыз. Экрандағы
нұсқаулықтарды орындаңыз.
Басып шығару кезегін тексеріңіз:
1. Жүйе параметрлері бөлімінде Басып шығару
және сканерлеу түймесін басыңыз (OS X v10.6
ішінде Басып шығару және факс жіберу).
2. Басып шығару кезегі бөлімін басыңыз.
3. Басып шығарылатын тапсырманы таңдаңыз.
4. Басып шығарылатын тапсырманы басқару үшін
төмендегі түймелерді пайдаланыңыз:
• Удалить (Жою): Таңдалған басып
шығарылатын тапсырмадан бас тартады.
• Возобновить (Қалпына келтіру): Кідіртілген
басып шығарылатын тапсырманы жалғастырады.
5. Егер қандай да бір өзгертулер енгізілген болса,
қайта басып шығарып көріңіз.
Перезагрузить и переустановить (Қайта іске қосу
және бастапқы қалпына келтіру):
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2. Принтерді бастапқы қалпына келтіреді.
a. Принтерді өшіріп, қуат кабелін ажыратыңыз.
b. Бір минут күтіп, қуат сымын қайта жалғаңыз да,
принтерді қосыңыз.
Ресми мәлімдемелер
Windows XP, Windows Vista, Windows 7 және
Windows 8 – Майкрософт Корпорациясының АҚШ
мемлекетінде тіркелген сауда белгілері.
Принтеріңіздің жанындағы шеңбердің ұяшығына белгі
қойылғанын тексеріңіз. Егер принтер әдепкі принтер
ретінде таңдалмаған болса, принтер белгішесін
тінтуірдің оң жағымен басып, ашылған мәзірден
Выбрать как принтер по умолчанию (Әдепкі
принтер ретінде таңдау) пәрменін таңдаңыз.
Егер басып шығару әлі де мүмкін болмаса немесе
бағдарламалық құралды орнату сәтсіз аяқталса:
1. Ықшам дискіні компьютердің CD/DVD
дискенгізгісінен алып, USB кабелін компьютерден
ажыратыңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралы бар ықшам
дискіні компьютердің CD/DVD дискенгізгісіне
салып, принтердің бағдарламалық құралын орнату
үшін экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Нұсқау берілгенше USB кабелін жалғамаңыз.
4. Орнату процесі аяқталғаннан кейін компьютерді
қайта іске қосыңыз.
Бағдарламалық құралды орнату:
1. USB кабелін қосыңыз.
2. Принтердің бағдарламалық құралы бар ықшам
дискіні компьютердегі CD енгізгісіне салыңыз.
3. Жұмыс үстеліндегі ықшым диск терезесін ашып,
НР бағдарламасын орнату құралы белгішесін екі
рет басыңыз.
4. Экрандағы нұсқаулықтарды және НР принтерімен
бірге берілетін басып шығарылған күйдегі орнату
нұсқаулықтарын орындаңыз.
Қазақша










