Printer Reference Guide

40
Желіде
Желі анықтамасы қажет пе?
www.hp.com/go/wirelessprinting
www.hp.com/go/wirelessprinting сайтындағы HP сымсыз басып шығару орталығы сымсыз желіні
дайындауға, принтерді реттеуге немесе қайта конфигурациялауға және желідегі ақауларды жоюға
көмектеседі.
Егер желілік байланысты орнату әрекеті сәтсіз аяқталса:
Принтерде сымсыз байланыс функциясы қосулы екенін растаңыз.
Сымсыз байланыс шамы өшірілген болса, принтердің басқару тақтасынан Сымсыз байланыс
түймесін (
) принтердің сымсыз байланыс мүмкіндіктерін қосу үшін басыңыз.
Принтер желілік байланысқа қосулы екенін растаңыз.
1. Принтердің басқару тақтасында бір мезгілде Сымсыз байланыс түймесін (
) Начать копировать
в черном цвете (Қара түсте басып шығаруды бастау) түймесін ( ) басыңыз. Сымсыз байланысты тексеру
есебі автоматты түрде басып шығарылады.
2. Тексеру кезінде бір нәрсенің орындалмағанын көру үшін есептің үстіңгі бөлігін тексеріңіз.
Жүргізілген барлық сынақтарға арналған Диагностика нәтижелері бөлімін қараңыз және принтер сынақты сәтті
өткенін тексеріңіз.
Ағымдағы конфигурация бөлімінде принтер қазіргі уақытта қосылған желі атауын (SSID) табыңыз. Принтердің
компьютермен бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
Ескертпе: Егер компьютер Виртуалды жеке желісіне (VPN) қосылған болса, орнату процесін бастамай тұрып,
оны VPN желісінен уақытша ажыратыңыз. Орнату аяқталғаннан кейін принтерге үй желісі арқылы кіру үшін
VPN желісін ажырату қажет.
Қауіпсіздік бағдарламалық құралы желі бойынша байланысты блоктамағанын тексеріңіз.
Брандмауэр сияқты қауіпсіздік бағдарламалық құралы желі арқылы орнатқанда компьютер мен принтердің
арасындағы байланысты блоктай алады. Егер принтер табылмаса, брандмауэрді уақытша өшіріп, ақаудың
жойылғандығын тексеріңіз. Қауіпсіздік бағдарламалық құралы бойынша қосымша мәліметтер мен кеңестерді
алу үшін мына сайтқа өтіңіз: www.hp.com/go/wpc-rewall.
Принтер сәтті орнатылғаннан кейін:
Принтерді желіде бірнеше компьютер арасында ортақ пайдаланыңыз.
Егер принтер үй желісіне бұрыннан қосылған болса, онда принтерді осы желідегі басқа компьютерлермен
ортақ пайдалана аласыз. Әрбір қосымша компьютерге HP принтерінің бағдарламалық құралын орнату
қажет. Бағдарламалық құрал орнатылып жатқанда Байланыс опциялары экранындағы Сымсыз байланыс
тармағын таңдаңыз, содан соң экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Қазақша