Printer Reference Guide
41
Принтерді маршрутизаторсыз сымсыз пайдаланғыңыз келсе:
Маршрутизаторсыз сымсыз басып шығару үшін компьютеріңізден, смартфоныңыздан немесе басқа сымсыз
қосылған құрылғыдан HP wireless direct функциясын пайдаланыңыз. Компьютерде wireless direct функциясын
пайдалану үшін, компьютерде принтердің бағдарламалық құралы орнатылған болуы керек.
1. Принтерді орнатыңыз және принтермен берілген HP принтерінің бағдарламалық құралы орнатылғанына көз
жеткізіңз.
2. Принтердің басқару тақтасынан HP wireless direct функциясын қосу:
a. Wireless Direct түймесін (
) HP wireless direct функциясын қосу үшін басыңыз.
Принтерді маршрутизаторсыз сымсыз байланыс арқылы пайдалану туралы мәліметтер беті автоматты
түрде басып шығарылады.
Ескертпе: Мәліметтер беті басып шығарылмаса, оны басып шығару үшін Wireless Direct түймесін 3 секундтан
астам уақыт басып тұрыңыз. Мәліметтер беті барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін. Дегенмен Ендірілген
веб-серверде тілді таңдау арқылы мәліметтер бетін қажетті тілде басып шығаруға болады. Ендірілген веб-сервер
туралы қосымша мәліметтер алу үшін Электрондық анықтама бөлімін қараңыз.
b. Басып шығарылған мәліметтер бетіндегі нұсқаулықтарды орындаңыз.
3. Сымсыз қосылған құрылғыны принтерге қосыңыз.
a. Сымсыз компьютерден немесе мобильді құрылғыдан сымсыз байланыс мүмкіндігін қосыңыз.
b. Іздеңіз және принтердің wireless direct функциясының атауына қосылыңыз, мысалы:
HP-Print-XX-Deskjet 2540 series.
Кеңес: wireless direct функциясының атауы мен құпия сөзін Принтерді маршрутизаторсыз сымсыз байланыс
арқылы пайдалану мәліметтер бетінде табуға болады.
c. Егер wireless direct функциясының қауіпсіздігі қосылған болса, сұралғанда wireless direct функциясының
құпия сөзін енгізіңіз.
4. Принтерді компьютерде немесе мобильді құрылғыда әдепкі бойынша пайдаланыңыз.
Ескертпе:
• HP wireless direct байланысы интернет байланысымен қамтамасыз етпейді.
• HP wireless direct функциясын қосқан кезде қауіпсіздік жүйесі әдепкіде қосулы тұрады. Құпия сөзі бар
пайдаланушылар ғана принтерден сымсыз байланыс арқылы басып шығара алады.
HP wireless direct функциясы туралы қосымша мәліметтер алу үшін www.hp.com/go/wirelessprinting
мекенжайындағы НР сымсыз басып шығару орталығына кіріңіз.
• USB байланысын сымсыз байланысқа ауыстырыңыз.
Принтердің бағдарламалық құралын сәтті орнатқан боларсыз.
Windows
1. Операциялық жүйеге байланысты келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Windows 8: Пуск (Бастау) экранындағы бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарлама тақтасындағы
Все программы (Барлық бағдарламалар) түймесін басыңыз.
• Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің Пуск (Бастау) мәзірінен Все программы
(Барлық бағдарламалар) немесе Программы (Бағдарламалар), содан кейін HP тармақтарын таңдаңыз.
2. HP Deskjet 2540 series тармағын таңдаңыз.
3. Принтерді орнату және бағдарламалық құрал параметрін таңдаңыз.
4. Изменить USB-подключение принтера на беспроводное (Принтердің USB байланысын сымсыз
байланысқа ауыстыру) тармағын таңдаңыз. Экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Mac
Принтердің бағдарламалық құрал байланысын сымсыз байланыс түріне өзгерту үшін Бағдарламалар/
Hewlett-Packard/Құрылғылар утилиталары тармақтарындағы НР орнату көмекшісін пайдаланыңыз.
• Егер желі арқылы басып шығару кезінде ақаулар пайда болса.
Брандмауэр сияқты қауіпсіздік бағдарламалық құралы компьютер мен принтердің арасындағы байланысты
блоктай алады. Қауіпсіздік бағдарламалық құралы бойынша қосымша мәліметтер мен кеңестерді алу үшін
мына сайтқа өтіңіз: www.hp.com/go/wpc-rewall.
Желі байланысы жалғасады
Қазақша










